Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1658. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.23. N 640 қаулысымен. ~P970640

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы, қосымшаға сәйкес осы аппараттың қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 100 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар

министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1808
қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                         N 1658 қаулысына
                                            қосымша

        Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
            министрлiгi орталық аппаратының құрылымы

     Басшылық

     Биологиялық ресурстарды қорғау, ұдайы өндiру және
     пайдалану жөнiндегi бас басқарма (заңды тұлға құқығымен)

     Мемлекеттiк экологиялық бақылау басқармасы

     Мемлекеттiк экологиялық сараптама және радиациялық
     экология басқармасы

     Экологияның ғылыми-техникалық проблемалары және
     халықаралық жобалар басқармасы

     Табиғатты пайдалану және жоспарлау экономикасы
     басқармасы

     Қаржы басқармасы
     Құқықтық жұмыс бөлiмi
     Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
     Iс жүргiзу ұйымдастыру секторы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады