Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1659. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.23. N 646 қаулысымен. ~P970646

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 54 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, саны 9 адамдық алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1784 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы

N 1784 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 наурыздағы N 339 қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы 
N 1784 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 11 қыркүйектегi N 1108 қаулысы.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                        N 1659 қаулысына
                                         Қосымша

            Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын
                 қорғау министрлiгi орталық аппаратының
                             Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы

     Басшылық
     Мұнай және газ жөнiнде жер қойнауын геологиялық зерделеудi және
     игерудi талдау мен болжау бөлiмi
     Қатты пайдалы қазбалар жөнiнде жер қойнауын геологиялық
     зерделеудi және игерудi талдау мен болжау бөлiмi
     Гидрология және жер асты суларының мониторингi бөлiмi
     Жер қойнауын қорғау бөлiмi
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Нормативтiк-құқықтық сектор
     Бiрiншi бөлiм
     Кадр бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады