Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1662 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы қосымшаға сәйкес қызметкерлердiң шектi санының негiзiнде 50 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985  қаулысының  4, 6, 8-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 312-құжат).

       Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                             N 1662 қаулысына
                                                 қосымша

         Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
                          ұлттық комиссиясының
                                ҚҰРЫЛЫМЫ

      Төраға
      Комиссия мүшелерi
      Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамасы мен жалпы стандарттары
      басқармасы
      Бухгалтерлiк есептiк мамандандырылған стандарттар басқармасы
      Құқық және талдау жұмысы бөлiмi
      Қаржы-есеп бөлiмi
      Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
      Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады