Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 желтоқсан N 1673. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851


      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 66 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 9 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк

комитетiнiң орталық аппаратына қызметтiк 4 жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1800
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 29 желтоқсандағы
                                     N 1673 қаулысына
                                         қосымша

         Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
             мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының
                          құрылымы туралы

     Басшылық
     Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету секторы
     Жеке жобалар бойынша жекешелендiру басқармасы
     Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру
     басқармасы
     Акционерлiк қоғамдары жекешелендiру басқармасы
     Ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы
     Ақша қаражатын бақылау және бөлу жөнiндегi бөлiм
     Ақпараттық-талдау бөлiмi
     Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiру бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады