Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы қазандағы Венгрия мен Чехияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 1683

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы қазандағы Венгрия мен Чехияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және осы мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы қазандағы Венгрия мен Чехияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты
шаралар қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы
қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне
жарты жылда кемiнде бiр рет хабарлама жасасын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 30 желтоқсандағы
                                          N 1683 қаулысымен
                                              бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы
         қазандағы Венгрия мен Чехияға ресми сапары барысында
         қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге
                       асыру жөнiндегi шаралар
                               ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
 N |                Шаралар                   |Орындалуға
р/с|                                          |жауаптылар
____________________________________________________________________
 1 |                      2                   |          3
____________________________________________________________________
        Венгр Республикасы бойынша

1   Қазақстан Республикасы мен Венгр               Көлiккомминi,
    Республикасы Үкiметтерi арасындағы             Сыртқыiсминi
    жолаушыларды және жүктердi халықаралық
    автомобильмен тасымалдау туралы келiсiмге
    сәйкес Венгр Республикасымен
    ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын айқындау

    Осы келiсiмнiң күшiне енуiн растайтын
    қажеттi рәсiмдердi орындау жөнiнде
    шаралар қабылдау

2   Қазақстан Республикасы мен Венгр               Сыртқыiсминi
    Республикасы Үкiметтерi арасындағы 
    дипломатиялық және қызметтiк төлқұжаттары бар
    азаматтардың өзара визасыз сапарларының
    тәртiбi туралы келiсiмiнiң орындалуын
    қамтамасыз ету.
    Мүдделi ведомстволарды қол қойылған
    Келiсiмнiң мазмұны туралы хабарландыру

3   Қазақстан Республикасы мен Венгр              Iшкiiсминi, МТК
    Республикасы Үкiметтерi арасындағы            (келiсiмi бойынша),
    ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi              ҰҚК (келiсiм
    заттардың заңсыз айналымына және              бойынша),
    психотропты заттарға, терроризм мен басқа     Кеденкомы,
    да қауiптi қылмыс түрлерiне қарсы             Мемшекаракүзетi
    күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi      жөнiндегi мемкомы
    орындау жөнiндегi бiрлескен шараларды         Сыртқыiсминi
    әзiрлеу

    Осы келiсiмнiң күшiне енуiн растайтын
    қажеттi рәсiмдердi орындау жөнiнде шаралар
    қабылдау

4   Қазақстан Республикасы мен Венгр              Мәдениетминi,
    Республикасы Үкiметтерi арасындағы мәдени     Бiлiмминi,
    ынтымақтастық туралы келiсiмдi жүзеге         Ғылымминi-Ғылым
    асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және        академиясы,
    қажеттi шаралар қабылдау                      Жастурспортминi

5   Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы    Ауылшарминi
    министрлiгi мен Венгр Республикасының Жер
    өңдеу министрлiгi арасындағы ауыл
    шаруашылығы және өңдеу өнеркәсiбi
    саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi
    орындауды қамтамасыз ету

6   Венгр сарапшыларының қатысуымен Венгр         Көлiккомминi,
    Республикасының нарық реформаларын            Экономминi,
    жүргiзудегi тәжiрибесi атты конференциямен    Қаржыминi,
    бiрлестiрiп Алматы қаласында                  Өнеркәсiпсаудаминi
    сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi
    қазақстан-венгр үкiметаралық комиссияның
    мәжiлiсiн өткiзу

7   "Бабольна" акционерлiк қоғамы өкiлдерiнiң      Ауылшарминi
    ауылшаруашылығы дақылдарын өндiрудегi
    венгр технологиясын енгiзу мәселелерiн
    қарау үшiн Қазақстанға сапарының
    мүмкiндiгiн қарау

8   Бар уағдаластықтарға сәйкес Ямбург келiсiмi   Мұнайгазминi
    шеңберiндегi берешектердi өтеу жөнiнде
    ұсыныс әзiрлеу

9   "Серенчеятек" АҚ-ның лотереялық ойындарды     Қаржыминi
    ұйымдастыру жөнiндегi ұсынысын қарау,
    жобаны тендер негiзiнде жүзеге асыру
    жөнiнде шаралар қабылдау

10  Мүдделi ұйымдардың қатысуымен                 Өнеркәсiпсаудаминi
    қазақстан-венгр сауда-экономикалық            Сауда-өнеркәсiп
    орталығымен бiрлесiп Алматы қаласында         палатасы
    венгр және қазақстан өндiрген тауарлар        "Атакент"АҚ
    көрмесiн өткiзу туралы ұсынысты пысықтау
    және енгiзу

           Чех Республикасы бойынша

11  Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы   Инвестициялар
    арасындағы инвестицияны көтермелеу және       жөнiндегi
    бiрлесiп қорғау келiсiмiн бекiтуге әзiрлеу    мемкомы,
                                                  Сыртқыiсминi

12  Орал вагон жөндеу зауытының базасында         Инвестициялар
    темiржол цистерналарын шығару жөнiндегi       жөнiндегi
    бiрлескен кәсiпорынды ұйымдастыру жөнiнде     мемкомы,
    ұсыныс енгiзу                                 Көлiккомминi
    

13  Қазақстанды чех өндiрiсiнiң тасымалдау        Көлiккомминi,
    электровоздарымен, автобустармен және         Өнеркәсiпсаудаминi,
    басқа көлiк құралдарымен жабдықтау            Қазақстан
    мүмкiндiгiн қарау                             Эксимбанкi

14  Қазақстан мен Чехияның тау-кен және           Өнеркәсiпсаудаминi,
    металлургия өнеркәсiбiне агроөнеркәсiп        Ауылшарминi,
    кешенiне арналған жабдықтарды өндiрудегi      Құрылысминi
    және құрылыс материалдарын шығарудағы
    ынтымақтастығын кеңейту жөнiнде ұсыныс
    енгiзу

15  Бар уағдаластықтарға сәйкес Ямбург            Мұнайгазминi
    келiсiмi шеңберiндегi берешектi өтеу
    жөнiнде ұсыныс әзiрлеу

16  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi    Көлiккомминi,
    Ә.Қажыгелдин мен "Шкода" АҚ-ның басқарма      Экономминi,
    бастығы және бас директоры Л.Соудектiң        Сыртқы пайдалану
    1996 жылғы 9 қазанда Пльзень қаласында        жөнiндегi комитет,
    (Чехия) қол қойған келiссөз Хаттамасын        Өнеркәсiпсаудаминi,
    жүзеге асыру жөнiнде тиiстi шаралар           Меммүлiккомы
    қабылдау

__________________________________________________________________
     Орындалу мерзiмi            | Бақылауға жауаптылар
__________________________________________________________________
                  4              |            5
__________________________________________________________________
     1997 жылғы желтоқсан         Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi,
                                  Сыртқы байланыстар және хаттама
                                  бөлiм

     тұрақты                      Сыртқы байланыстар және хаттама
                                  бөлiм

     1997 жылғы I тоқсаны         Қорғаныс және құқық тәртiбi
                                  бөлiмi, Сыртқы байланыстар
                                  және хаттама бөлiмi

     -''-                         Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi

     тұрақты                      Аграрлық сектордағы реформалар
                                  бөлiмi

     1997 жылдың II тоқсаны       Сыртқы байланыстар және хаттама
                                  бөлiмi, Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеу
                                  жөнiндегi бөлiм

     1997 жылдың I тоқсаны        Аграрлық сектордағы реформалар
                                  бөлiмi

     1997 жылғы қаңтар            Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi

     1997 жылдың I тоқсаны        Қаржы және әлеуметтiк реформалар
                                  бөлiмi, Сыртқы байланыстар және
     -''-                         хаттама бөлiмi

     1997 жылдың I тоқсаны        Сыртқы байланыстар және хаттама
                                  бөлiм

                                  Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi

     1997 жылдың  қаңтарына       Бұл да сол
     дейiн

     -''-                         Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi,
                                  Аграрлық сектордағы реформалау
                                  бөлiмi

     1997 жылғы қаңтар            Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi

     1997 жылдың I тоқсаны        Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады