Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң борыштары бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1714

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орындалған жұмыстар, кәсiпорындар мен ұйымдардан алған материалдық құндылықтар үшiн жинақталып қалған берешегiн өтеу, сондай-ақ Шекара әскерлерiн материалдық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк салық комитетi республикалық бюджет пен қосымшаға сәйкес алынған материалдық құндылықтар мен көрсетiлген қызметтер үшiн несиелiк берешегiн өтеуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қаржыландыру есебiне республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындар мен ұйымдардың арасындағы 591352 мың (бес жүз тоқсан бiр миллион үш жүз елу екi мың) сома берешекке есептеме жүргiзсiн.
      2. Есептеме аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық

бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Қаржы-бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара
күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлген материалдық
құндылықтардың толықтығы мен сапасына, сондай-ақ бағалардың
негiздiлiгiне бақылау орнатсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                           N 1714 қаулысына
                                               қосымша

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекара күзетi
          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң несиелiк берешегiн
          өтеу есебiне қабылданған кәсiпорындардың, ұйымдар
          мен олардың республикалық бюджетке салықтық төлемдерiнiң
                                ТIЗБЕСI
                                               (мың теңгеде)
____________________________________________________________________
Ұйымдардың атауы    |Есептемеге|Оның iшiнде төлем түрлерi бойынша
мен                 |қабылдан. |_____________________________________
кәсiпорындардың     |ған сома, |Қосылған  |заңды      |Экономиканы
                    |барлығы   |құнға     |тұлғалардан| жаңғырту
                    |          |салынатын |алынатын   |қоры
                    |          |салық     |табыс      |
                    |          |          |салығы     |
____________________________________________________________________
         1          |     2    |     3    |     4     |     5
____________________________________________________________________
1. "Келет" шағын
жеке меншiк
кәсiпорны,
Алматы қаласы          13760       4800       8960

2. "Казкоммунэнер.
гомонтаж" жабық
үлгiдегi акционерлiк
қоғамы, Алматы
қаласы                 2578        2578

3. "Сұңқар"
өндiрiстiк-
коммерциялық
компаниясы
акционерлiк
қоғамы, Алматы қаласы  9000        9000

4. "Мерей"акционерлiк
қоғамы, Алматы қаласы  18546       18546

5. Павлодар картон-
рубероид заводы,
Павлодар қаласы        8000                   8000

6. "Промсельхозпродук.
ция" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi,
Алматы қаласы          1220        1220

7. "Алматы ауыл машина
жасау заводы"
акционерлiк қоғамы,
Алматы қаласы          250000      110762     139238

8. "Промдорстрой"
акционерлiк қоғамының
N 2 жол көпiр құрылысы
басқармасы, Алматы
қаласы                 5968        4143       1825

9. Киров атындағы
завод, Алматы қаласы   9000        9000

10. "Авиациялық-
техникалық орталық 405"
акционерлiк қоғамы,
Алматы қаласы          9500        9500

11. "Баспагер"
акционерлiк қоғамы,
Алматы қаласы          980                    980

12."Үлбiметаллургия
заводы" ашық түрдегi
акционерлiк қоғамы,
Өскемен қаласы         200000                 169700     30300

13. "Алматы Поршень
заводы" акционерлiк
қоғамы, Алматы қаласы  62800       59600      3200

     Барлығы           591352      229149     331903     30300 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады