"Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң акцияларын сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 қаңтар N 70

      Керi капиталы бар "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ұсынысын қарап және елiмiздiң банк жүйесi үшiн банктiң маңыздылығын ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      - "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiнiң акцияларын сатып алу туралы оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мәжбүр етiп сатып алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне өтiнiш жасасын;
      - "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiн қаржылық сауықтыру

жөнiндегi негiзгi шаралардың жоспарын жасасын және оны бекiтсiн;
     - осы мәселенi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi "1997 жылға
арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес дұрыс шешкен жағдайда банктiң акцияларын сатып алу - сату
туралы қажеттi шарт жасаса отырып "Тұранбанк" қазақ акционерлiк
банкiнiң акцияларын сатып алу үшiн Үкiметтiң резерв қоры есебiнен
695 000 теңге бөлсiн және "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкiн қайта
капиталдандыру үшiн қаражат бөлетiн болсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады