Шағын кәсiпкерлiктiң республикалық ақпараттық-көрме орталығын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 14 наурыз N 325. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.17. N 1543 қаулысымен. ~P001543

      Қазақстан Республикасында отандық өндiрiс тауарларын рынокқа өткiзуде ақпараттық және коммуникациялық мүмкiндiктердi кеңейту арқылы шағын кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң және Қазақстандық кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту орталығының Алматы қаласында Шағын кәсiпкерлiктiң республикалық ақпараттық-көрме орталығын (бұдан әрi - РАКО) құру туралы ұсынысы қолдау тапсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi РАКО ұйымдастыру мен дамыту үшiн:
      республикалық бюджетте шағын және орташа бизнес мониторингiн жүзеге асыру мен инфрақұрылымын дамытуға арналып көзделген қаражаттан 10 млн. теңге бөлсiн;
      РАКО-ға алаңы 1000 шаршы метрден кем емес үй-жай және түрлi мақсаттарға арналған бес автокөлiк беру шарттары жөнiндегi мәселенi шешсiн.
      РАКО тең құрылтайшысы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.01.
               N 1039 қаулысымен. P971039_
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi РАКО-ның мұқтаждары үшiн белгiленген тәртiппен байланыс желiсi мен коммуникациялар берудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi РАКО-ның қалыптасуы үшiн техникалық көмек пен инвестициялар тартуда жәрдем көрсетсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi ақпараттарды орналастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi шараларды көздесiн.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады