1997 жылға арналған шетелдегi республикалық ақпараттық-насихат жұмысының бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 563

      "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылға арналған шетелдегi республикалық ақпараттық-насихат жұмыстарының бағдарламасы бекiтiлсiн (бұдан әрi - Бағдарлама).
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша үйлестiрушi орган болып белгiленсiн және қажет болғанда Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу құқығы берiлсiн.
      3. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi, сондай-ақ мүдделi ұйымдардың басшылары Бағдарламада көзделген ақпараттық-насихат жұмысының уақытылылығы мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз етсiн және тоқсан сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне оның орындалуы жөнiнде ақпарат ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнiң қатысуымен жыл сайын 20 қаңтарға дейiн Бағдарламаға сәйкес жүргiзiлген шаралардың жүзеге асуы мен тиiмдiлiгi туралы есеп пен келесi жылға арналған бағдарламаның жобасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынсын.
      5. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен мүдделi

ұйымдардың Бағдарламада көзделген шараларды жүзеге асыру үшiн
бәрiнен бұрын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен демеушiлердiң
қаражатын тартатындығы назарға алынсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 14 сәуiрдегi
                                           N 563 қаулысымен
                                              бекiтiлген

         1997 жылға арналған шетелдегi республикалық
               ақпараттық-насихат жұмысының
                        БАҒДАРЛАМАСЫ
___________________________________________________________________
  N |   Шаралар                              | Атқару мерзiмi
р/с |                                        |
___________________________________________________________________
  1 |                   2                    |          3
___________________________________________________________________
1. " Экономикалық өсу - Экономикалық                   наурыз
    интеграция үшiн - өзектi сөз" конференциясы

2.  1997 жылғы Лейпцинг кiтап жәрмеңкесi                -"-

3.  Герхард Хауптман атындағы қордың симпозиумы        -"-

4.  Қазақстан бизнесшiлерiнiң Бельгия                  сәуiр
    Корольдiгiндегi сауда-экономикалық миссиясы
    "Қазақстан Республикасы аймақтарының
    экспорттық-импорттық мүмкiндiктерi"

5.  Қазақстан облыстарының Германиядағы беташар
    рәсiмi (презентация)                               -"-

6.  Экономикалық академияның Берлинде өткiзетiн
    Қазақстанға арналған семинары                      -"-

7.  Қазақстан мен Иран арасындағы өңделмеген мұнай     сәуiр-
    алмасу жөнiндегi жобаның Ислам-Иран                мамыр
    Республикасындағы беташар рәсiмi

8.  Иранның iскерлiк топтарының өкiлдерiне арналған    мамыр
    семинар "Қазақстан экономикасын шетелдiк
    инвестициялау перспективалары туралы"

9.  Қазақстан минералды-шикiзат кешенiнiң беташар      маусым
    рәсiмi

10. Қазақстан ауыл шаруашылығының көрме-беташар        сәуiр
    рәсiмi

11. Францияның iрi өнеркәсiп және ауыл шаруашылық      мамыр,
    аймақтарындағы Қазақстанның экономикасы мен        шiлде,
    мәдениетiнiң беташар рәсiмдерi                     қазан

12. "Франукфуртер Альгемайне" газетiнде Қазақстанға     маусым
    арналған арнаулы шығарылым жариялау

13. "Мұнай, газ, мұнай өңдеу және Каспий               -"-
    мұнай-химиясы" "Хазармұнайгаз-97" IV
    Халықаралық көрмесi және конференциясы

14. Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып кiруiнiң
    бесжылдығына арналған шаралар:
      осы оқиғаға арналған баспасөз                    наурыз-
    конференциялары;                                   маусым
      Колумбия университетiнде (АҚШ) "Қазақстан
    және дүниежүзiлiк қоғамдастық" тақырыбы
    бойынша лекция;
    БҰҰ бөлiмшелерiнде Қазақстанның инвестициялық
    мүмкiндiктерi туралы БҰҰ бөлiмдерiне
    ақпараттық бюллетеньдер тарату;
    БҰҰ штаб-пәтерiнде және бөлiмшелерiнде
    "Қазақстан тәуелсiздiгiне бес жыл"
    бейнефильмiнiң демонстрациясы

15. "Жiбек жолымен тасымалдау" 2-Халықаралық           маусым
    жәрмеңкесi

16. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Пекин қаласында         -"-
    қытай тiлiндегi "Ғасырлар тоғысында"
    кiтабының беташар рәсiмi

17. "Қазақстан және Қытай - өзара экономикалық         шiлде -
    толықтыру және екiжақты ынтымақтастықты            қыркүйек
    тереңдету жолында" тақырыбында Қазақстан
    Республикасының Премьер-Министрi
    Ә.М.Қажыгелдиннiң ҚХР-ға сапары барысында
    қазақстан бизнес және Қытай iскерлiк
    топтарының өкiлдерiмен "дөңгелек үстел" өткiзуi

18. "Жiбек жолы" IV Азиялық жәрмеңке                   қыркүйек

19. Милан қаласындағы халықаралық көрме.               шiлде-
    Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерi           қыркүйек
    туралы ақпарат-көрме шараларын ұйымдастыру

20. ХLIХ Франукфурт кiтап жәрмеңкесi                    қазан

21. Сауда және даму жөнiндегi ХLIХ сессиясының         -"-
    шеңберiнде Женева қаласында шетел
    инвестицияларын тарту мәселелерi бойынша
    халықаралық конференция

22. Қазақстанның Германия мен Үндiстандағы             -"-
    мәдениет күндерi. Қазақстанда жүргiзiлiп жатқан
    реформалар мен Қазақстанның инвестициялық
    мүмкiндiктерi туралы ақпаратты жеткiзу
    жөнiндегi шаралар

23. "Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерi"         қараша
    конференциясы

24. Үкiмет пен АҚШ-тың iскерлiк топтарының
    өкiлдерiн тарта отырып қазақстан-американ
    бiрлескен комиссияның кезектi мәжiлiс
    шеңберiндегi инвестициялық семинар.

    "Бизнес Уик" iскерлiк апталығына Қазақстан         қазан,
    туралы арнаулы қосымша жарияланым жасау            қараша

25. "Қазақстандық инвестициялық басқосу" форумы        маусым

26. "Транзит-97"  көрмесi және "Қазақстан              мамыр
    Республикасының көлiк-транзит әлеуетi              маусым
    проблемалары мен перспективалары" конференциясы

    ҚҚДЕБ және ХҚК қатысуымен халықаралық              маусым
    инвестициялық семинар
     

28. ҚҚДЕБ және Дүниежүзiлiк банкiнiң                   II тоқсан
    донор-мемлекеттермен Қазақстан жөнiнде кеңес
    ұйымдастыруды өткiзуде және ақпараттық
    қолдау дайындығы

29. "Инвестэкспо Қазақстан" халықаралық көрмесi        қараша

30. Қазақстанның сыртқы сауда жөнiндегi                желтоқсан
    ақпараттық орталығының беташар рәсiмi

         Ақпараттық баспа басылымдары

31. Материалдар мен Қазақстан туралы оның iшiнде       тоқсан сайын
    экономикалық реформалар барысы туралы
    материалдармен ағылшын тiлiнде бюллетень
    шығару және оны шетел мемлекеттерiнiң
    елшiлiктерi және Қазақстанның шетелдегi
    елшiлiктерi арқылы тарату

32. "Интернет" компьютерлiк желiсiнде Қазақстан        III-IV
    Республикасының беттерiн құру туралы мәселенi      тоқсан
    практикалық және қаржылық жақтарынан зерделеу,
    бұл Қазақстан туралы саяси, экономикалық,
    тарихи-мәдени және насихаттық ақпаратты қамтыр
    едi

33. Инвестициялармемкомының бюллетенi                  III тоқсан
    (Қазақстандағы инвестициялар: экономиканың
    салалары мен секторларындағы басымдықтар,
    ел аймақтарының дамуы)

34. Қазақстанда өз қызметiн жүзеге асырып              -"-
    жатқан инвесторлардың тiзiлiмi

35. Шетел инвесторларын Қазақстанның бағалы            II - III
    қағаздар рыногына тарту жөнiндегi шаралар:         тоқсандар

    "Бағалы қағаздар рыногы" "Бағалы қағаздармен
    жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы",
    "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан
    Республикасының заңдарына ағылшын тiлiнде
    мәтiндер мен түсiндiрмелер дайындау және
    оларды тарату, сондай-ақ акционерлiк
    қоғамдардың тiзбесiн дайындау
___________________________________________________________________
 N |      Өтетiн орны           |   Атқаруға жауаптылар
р/с|                            |
___________________________________________________________________
 1 |              4             |               5
___________________________________________________________________
 1    Стамбул қаласы              Экономсаудаминi
      Түркия
                                  Сауда-өнеркәсiп палатасы
                                  (СӨП) /келiсiм бойынша/
 
 2    Лейпциг қаласы             Баспасөз және бұқаралық ақпарат
      ФРГ                         iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк
                                  (келiсiм бойынша)
 3    Дюсельдорф қаласы           Сыртқыiсминi
      ФРГ

 4    Бельгия Корольдiгi          Өнеркәсiпсаудаминi, СӨП
                                  (келiсiм бойынша)
 5    Оберхаузен қаласы,          Сыртқыiсминi, СӨП
      ФРГ
 6    Берлин қ. ФРГ               СIМ
 7    Иран                        Энергетика және табиғиресурсминi,
                                  Сыртқыiсминi
 8    Тегеран қ.                  Экономсаудаминi, Инвестмемком,
      Иран                        Сыртқыiсминi
 9    ГФР                         Энергетика және табиғиресурсминi,
                                  Сыртқыiсминi
 10   Франция                     Ауылшарминi, Сыртқыiсминi
 11   Страсбург қаласы,           Сыртқыiсминi, СӨП
      Марсель қаласы
      Лион қаласы
      Франция
 12   ГФР                         Сыртқыiсминi
 13   Баку қаласы,                Энергетика және табиғиресурсминi,
      Әзiрбайжан                  Сыртқыiсминi
 14   АҚШ                         Сыртқыiсминi, Инвестмемком
 15   Иран                        Көлiккомминi, Экономсаудаминi,
                                  Сыртқыiсминi
 16   Пекин қаласы,               Сыртқыiсминi
      ҚХР
 17   ҚХР                         СIМ, Экономсаудаминi, Инвестмемкомы
 18   Бiшкек қаласы,              Көлiккомминi, Экономсаудаминi,
      Қырғызстан                  Сыртқыiсминi
 19   Милан қаласы,               Экономсаудаминi, Инвестмемком,
      Италия                      Сыртқыiсминi
 20   Франкфурт қаласы,           Баспасөз және бұқаралық ақпарат
      ГФР                         iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк
                                  (келiсiм бойынша)
 21   Женева қаласы,              Инвестмемком, Сыртқыiсминi
      Швейцария
 22   ГФР, Индия                  Бiлiм және мәдениетминi,
                                  Экономсаудминi, Инвестмемком,
                                  Сыртқыiсминi
 23   ГФР                         Инвестмемком, Экономсаудаминi,
                                  Сыртқыiсминi, Әдiлетминi
 24   АҚШ                         Инвестком, Экономсаудаминi,
                                  Сыртқыiсминi
 25   Алматы қаласы               Инвестмемком, Экономсаудаминi,
                                  Сыртқыiсминi, Қаржыминi
                                  "Шеврон" компаниясымен бiрлесiп
 26   Бұл да сондай               Көлiкомминi, Экономсаудаминi,
                                  Сыртқыiсминi
 27   -"-                         Қазақстан Республикасының
                                  Бағалы қағаздар жөнiндегi
                                  ұлттық комиссиясы
 28   -"-                         Инвестмемком, Экономсаудаминi,
                                  Қаржыминi, Сыртқыiсминi, Әдiлетминi
 29   -"-                         Экономсаудаминi, "Атакент" АҚ
 30   -"-                         Экономсаудаминi, Сыртқыiсминi
 31   -"-                         Баспасөз және бұқаралық ақпарат
                                  iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк
                                  (келiсiм бойынша)
 32   Бұл да сондай               Көлiккомминi, Баспасөз және
                                  бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi
                                  ұлттық агенттiк (келiсiм бойынша),
                                  Экономсаудаминi, Сыртқыiсминi
 33   -"-                         Инвестмемком
 34   -"-                         Инвестмемком
 35   -"-                         Қазақстан Республикасының бағалы
                                  қағаздар жөнiндегi
                                  ұлттық комиссиясы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады