Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 589. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы N 1025 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 7 қарашадағы N 1025 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қосымшаға сәйкес құрылымы, сондай-ақ құрамында 15 адамы бар алқасы бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1656 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                    

                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 сәуiрдегi
                                            N 589 қаулысына
                                               қосымша

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы

      Басшылық

      Экономикалық реформалар, маркетинг және құқықтық жұмыс департаментi

      Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiнiң технологиясы департаментi

      Техникалық саясат, сервис және ғылыми қамтамасыз ету департаментi

      Қаржы саясаты басқармасы

      Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялық жобалар басқармасы

      Балық шаруашылығы басқармасы

      Бақылау, ұйымдастыру-кадр жұмысы және атқаруды қамтамасыз ету басқармасы

      Мал дәрiгерлiгi комитетi (заңды тұлға құқығында)

      Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (заңды тұлға құқығында)

      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)

      Су ресурстары жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында).    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады