Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 23 сәуiр N 638. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. Аталған қаулымен бекiтiлген Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережеге: 
      5-тармақта: 
      екiншi абзац "мен оқытушылары" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ ассистенттерi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әскери кафедралардың офицерлiк құрамы үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Бiлiм және мәдениет министрлiгiмен бiрлесе отырып, жоғары оқу орнының мәртебесiне және әскери кафедрада оқитын студенттердiң (курсанттардың) санына сәйкес белгiлейдi"; 
     6-тармақтың төртiншi абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
     "Ассистенттердiң саны кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының адам санының 15 процентi шегiнде белгiленедi";
     15-тармақтағы "10, 20, 40" сандары тиiсiнше "20, 30, 50" сандарымен ауыстырылсын.
     2. Аталған қаулымен бекiтiлген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесi мынадай редакцияда жазылсын:
     "                     Университеттер

     Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi, Алматы қаласы
     Қазақ ұлттық техникалық университетi, Алматы қаласы
     Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi, Алматы қаласы
     С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медициналық университетi, Алматы қаласы
     Қазақ мемлекеттiк заң университетi, Алматы қаласы
     С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi
     Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi
     С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
     Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi, Шымкент қаласы 

                           Медициналық академиялар

     Ақмола мемлекеттiк медициналық академиясы
     Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясы
     Қарағанды мемлекеттiк медициналық академиясы
     Семей мемлекеттiк медициналық академиясы 

                           Институттар

     Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты, Тараз қаласы
     Қарағанды металлургия институты, Темiртау қаласы 

                           Басқа оқу орындары

     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кеңестер
     Одағының екi мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесi
     Азаматтық авиация академиясы, Алматы қаласы 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады