Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есiрткi құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 сәуiрдегі N 652 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. 1996 жылғы 7 қазанда Будапештте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есiрткi құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмiн белгiленген тәртiппен Венгрия Тарабына хабарласын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа,
терроризммен, есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың
заңсыз айналымымен күресудегi ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

(Келісім 1997 жылғы 25 маусымда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 2, 8-құжат)

      Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия Республикасының Үкiметi,
      1994 жылы 7 желтоқсанда Будапешт қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы достық қатынастар және ынтымақтастық негiздерi туралы Шарт ережелерiн негiзге ала отырып,
      ұйымдасқан қылмыстың, атап айтқанда, есiрткi мен терроризмге байланысты қылмыстың тиiмдi алдын-алу және күресу мақсатында ынтымақтастық аса маңызды болып табылатынына көз жеткiзе отырып,
      екi тарап та мүшесi болып табылатын халықаралық конвенциялардың шарттарын ескере отырып, бүкiл дүниежүзiнде есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланудың өсуiн, олардың заңсыз айналымын қауiптi деп есептей отырып,
      өздерiнiң терроризммен тиiмдi күрес жүргiзуге бiрлескен ерiк-жiгерлерiн дәлелдей отырып,
      төмендегi мыналар жөнiнде келiстi:

1-бап

      Тараптар оларды болдырмау және ашуды қоса алғанда, ұйымдасқан қылмыс пен қылмыстың басқа қауiптi түрлерiмен күрес саласында өздерiнiң iшкi мемлекеттiк заңдары шеңберiнде ынтымақтасады.

2-бап

      (1) Тараптардың ынтымақтастығы қылмыспен күреске, айрықша, ұйымдасқан қылмыспен күреске таратылады.
      (2) Ынтымақтастық мақсатында:
      1. Тараптар қылмыспен күрестiң әртүрлi салаларында және криминалистiк техника жөнiнде өзара ақпараттар алу үшiн мамандармен алмасады.
      2. Ынтымақтастық шеңберiнде Тараптар:
      - ұйымдасқан қылмыс шеңберiнде жасалған қылмыстарға қатысы бар адамдар, айрықша, олардың ұйымдастырушылары туралы мәлiметтермен;
      - қылмысты топтар, құрылымдар, байланыстар және оларға қатысушылардың әдеттегi жүрiс-тұрысы туралы ақпаратпен;
      - қылмысты жасау жағдаяттары туралы, атап айтқанда, қылмысты жасау уақыты, орны және әдiсi, қастық ойланған объектiлер, ерекшелiктер туралы, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларын бұзу және қабылданған шаралар туралы ақпараттармен алмасады.
      Тараптар:
      3. Сұранымдар бойынша сұратушы Тарап заңымен рұқсат етiлген iс-қимылдарды жүзеге асырады.
      4. Шұғыл iздеу шараларын жүргiзу кезiнде өзара қызметтенедi және осы мақсатпен келiскен iс-қимылдарды жүзеге асырады және өзара мамандық, материалды және ұйымдастырушылық көмек көрсетедi.
      5. Жұмыс тәжiрибесiмен, атап айтқанда, ұлтаралық қылмыстың кең таралған әдiстерi туралы, сондай-ақ қылмысты жасаудың жаңа ерекше нысандары туралы ақпараттармен алмасады.
      6. Криминалистика және криминология саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерiмен алмасады.
      7. Қылмыс нәтижесiнде қолға түскен немесе қылмыс жасау үшiн қолданылған, сондай-ақ терiс пайдалану мақсатында пайдаланылған нәрселер үлгiлерiн бiр-бiрiне бередi.
      8. Мамандардың мамандық дәрежесiн бiрлескен немесе өзара көтеру үшiн алмасуларды жүзеге асырады және ұйымдасқан қылмыс пен қылмыстың басқа да қауiптi түрлерiмен күресу саласында кәсiпқойлықты көтеру үшiн қызметкерлерге тағылымдар ұйымдастырады.
      9. Қажет болған жағдайда бiрлескен шараларды дайындау және жүргiзу үшiн алдын ала ашу сатысындағы нақты қылмыстық iстер бойынша жұмыс кездесулерiн өткiзедi.

3-бап

      Есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өсiрумен, дайындаумен, алумен, әкелумен, әкетумен, транзиттi алып жүрумен, сондай-ақ оларды астыртын сатумен күресу мақсатында Тараптар өздерiнiң iшкi мемлекеттiк заңдары шеңберiнде, ең алдымен:
      1. Есiрткi құралдарды дайындауға, жасырын таратушылыққа немесе оларды сатуға қатысы бар адамдар туралы, жасыру орындары, көлiк жолдары мен құралдары, жұмыс әдiстерi, есiрткi құралдары және психотроптық заттардың шығу орындары мен жеткiзiлу пункттерi, сондай-ақ бұл әрбiр жеке жағдайда қоғамдық қауiпсiздiкке айтарлықтай қауiп төндiретiн қауiптi қылмысты ашу үшiн немесе алдын алу үшiн қажет болса, iстiң айрықша детальдары туралы деректермен алмасады;
      2. Терiс пайдалану мақсатында пайдаланылатын өсiмдiк, сондай-ақ синтетикалық тектес есiрткi құралдарымен және психотроптық заттардың үлгiлерiн бiр-бiрiне бередi;
      3. Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңды айналымын, сондай-ақ оларды заңсыз жолмен дайындау үшiн қажеттi негiзгi және бастапқы шикiзаттарға бақылау саласындағы жұмыстар тәжiрибесiмен алмасады;
      4. Тараптар осылай деп таныған есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңды айналысынан заңсыз қол сұғушылықты, сондай-ақ оларды заңсыз әзiрлеуге қажеттi негiзгi және бастапқы шикiзаттарға заңсыз әзiрлеуге қажеттi негiзгi және бастапқы шикiзаттарға заңсыз қол сұғушылықты болдырмауға бағытталған шараларды бiрлесiп жүзеге асырады;
      5. Есiрткi құралдар мен психотропты заттарды заңсыз әзiрлеуге қарсы күрес жөнiндегi шараларды бiрлесiп жүзеге асырады.

4-бап

      Терроризммен күрес мақсатында Тараптар өздерiнiң iшкi мемлекеттiк заңдарының шеңберi ретiнде ақпарат, атап айтқанда, жоспарланып жатқан және жасалған террорлық әрекеттер, оларды жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерi туралы, сондай-ақ екiншi Тараптың аумағында басқа Тараптың мүдделерiне қарсы iс-әрекет жоспарлап отырған, жасап жатқан немесе жасаған террорлық топтар туралы ақпарат алмасады.

5-бап

      Осы Келiсiм шеңберiнде берiлетiн адамдар туралы деректердi қорғау үшiн әрбiр Тарап үшiн қолданыстағы құқықтық нормаларды сақтай отырып, Тараптар мынадай ережелердi басшылыққа алады:
      1. Алушының деректердi пайдалануына оны берушi Тараптың көздеген мақсаттары мен талаптарына сәйкес қолдануға ғана рұқсат етiледi;
      2. Деректердi алушы сұрау салған жағдайда берушi Тарапқа оларды пайдалану және осыған байланысты алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
      3. Жеке адамдар туралы деректердi ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi бизнесiмен және терроризммен күрес жөнiндегi құқық қорғау және құзыреттi органдарға ғана беруге болады. Өзге органдарға одан әрi қарай тапсыру тек қана оны берушi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырылады;
      4. Берушi орган жеке адам туралы берiлетiн деректердiң дұрыстығын қамтамасыз етедi, олардың мақсаттары мен өтiнiшi шегiнде және соларға сәйкес берiлуi қажеттiлiгiне көз жеткiзедi. Мұндай жағдайда iшкi мемлекеттiк заңдар негiзiнде қолданылатын ақпарат беруге тыйым салу ескерiледi. Егер дұрыс емес деректер немесе берiлуге жатпайтын деректер берiлген жағдайда алушы орган бұл жайында тез арада хабардар етiледi. Алушы орган бұл деректердi түзетуге немесе жойып жiберуге мiндеттi;
      5. Мүдделi адамға оның өтiнiшi бойынша оған қатысты деректер туралы, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаты туралы анықтама берiледi. Егер қолданыстағы iшкi мемлекеттiк заңда мұндай анықтаманы мiндеттi түрде беру көзделмеген жағдайда ол берiлмейдi. Жеке сипаттағы деректердi беруге қатысты барлық жағдайларда Тараптар оны берушi Тараптың iшкi мемлекеттiк заңдарының ережелерiн басшылыққа алады;
      6. Деректердi жолдау кезiнде берушi орган оларды қолданыстағы заңдарға сәйкес жою мерзiмiн көрсетедi. Бұл мерзiмдерге қарамастан, жеке адамдар туралы алынған деректер олардың берiлу мақсаты орындала салысымен-ақ жойылуы тиiс. Деректердiң жойылғаны және олардың себептерi туралы берушi Тарапқа тез арада мәлiмделедi. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған кезде берiлген деректер кешiктiрiлмей жойылады;
      7. Жеке адамдар туралы деректердi берушi және алушы органдар олардың берiлуiн және қабылдап алынуын тiркеуге мiндеттi;
      8. Жеке адамдар туралы деректер алушы органдар берiлген ақпараттың бөгде адамдардың қолына түспеуден, оны өзгертуден және жария етуден дұрыс қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

6-бап

      Осы Келiсiмдi орындау мақсатында барлық байланыстар орталық құзыреттi органдар арасында тiкелей жүзеге асырылатын болады.
      1. Орталық құзыреттi органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасы жағынан:
      - Мемлекеттiк тергеу комитетi,
      - Iшкi iстер министрлiгi,
      - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi,
      - Денсаулық сақтау министрлiгi,
      - Мемлекеттiк кеден комитетi,
      - Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитет;
      Венгрия Республикасы жағынан:
      - Iшкi iстер министрлiгi,
      - Халық тұрмысын жақсарту министрлiгi,
      - Республикалық Полиция бас басқармасы,
      - Республикалық Шекара әскерлерiнiң қолбасшылығы,
      - Мемлекеттiк қаржы және кеден басқармасы.
      2. Орталық құзыреттi органдар ынтымақтастық жөнiндегi жекелеген хаттамалар жолымен ынтымақтастық әдiстерiн және байланыстарды қолдау тәсiлдерiн ескере алады.

7-бап

      (1) Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастыққа жәрдемдесу және оны бағалау үшiн Уағдаласушы Тараптар құрамында әрбiр Тараптан үш адамнан болатын Аралас комиссия құрады. Аралас комиссияның құрамы туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық жолмен хабарлайды. Қажеттiлiгiне қарай аралас комиссия өздерi тағайындайтын сарапшыларды тарта алады.
      (2) Аралас комиссия мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай Тараптардың кез келгенiнiң көтерген бастамасы бойынша өткiзедi.

8-бап

      Егер Тараптардың бiреуi жiберiлген өтiнiштi орындау немесе өзара бiрлесiп әрекет ету шеңберiнде нақты шараларды жүзеге асыру оның егемендi құқықтарына қысымшылық көрсетуi, қауiпсiздiгiне немесе басқа да маңызды мүддесiне қатер төндiруi мүмкiн деп, өзiнiң iшкi құқық тәртiбiнiң принциптерiн бұзады деп санайтын болса, онда көмектесуден немесе бұл шараларды орындаудан толық немесе iшiнара бас тартуы мүмкiн, немесе белгiлi бiр талаптар қойылуы мүмкiн.

9-бап

      (1) Уағдаласушы Тараптар бiлiктi ақпаратты және егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi iшкi мемлекеттiк заңдарына сәйкес оларды құпияға жатқызатын болса, сондай деректердi қорғауды қамтамасыз етедi.
      (2) Тараптардың осы Келiсiм шеңберiнде алған құжаттамаларын, ақпаратын, деректерi мен техникалық жабдығын оны берушi Тараптың құзыреттi органдарымен алдын-ала келiсiмсiз үшiншi Тарапқа беруге болмайды.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасының өзге де халықаралық келiсiмдерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

11-бап

      (1) Осы Келiсiм Тараптардың өзара нотификациясынан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
      (2) Осы Келiсiмге ноталар алмасу жолымен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      (3) Тараптардың кез келгенi дипломатиялық арналар арқылы жазбаша мәлiмдеу жолымен Келiсiмнен бас тарта алады. Келiсiм қолданысының тоқтатылуы екiншi Тараптың тиiстi нотаны алғанынан кейiн алты ай өткен соң күшiне енедi.

      Будапешт қаласында 1996 жылғы 7 қазанда екi данада, әрқайсысы қазақ, венгер және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей. Қазақ мәтiнi мен венгер тiлiндегi мәтiндi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн негiзгi болып есептеледi.

      Қазақстан Республикасының           Венгрия Республикасының
      Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады