Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 874. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.21. N 1640 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығын U973377_ жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы қоса

 

берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi

туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi

N 1117 


P961117_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N

37, 353-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 мамырдағы

                                          N 874 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы

                               ЕРЕЖЕ


                          I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының бiрыңғай мемлекеттiк қаржы саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыруды үйлестiрушi және бақылаушы орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiк мемлекеттiк қаржыларға басшылық жасайды, мемлекеттiк бюджет салық саясаты және салық салу жүйесiн жетiлдiрудiң экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге қатысады, бюджеттiк қаражаттарды жұмсаудың басым бағыттары мен сырттан қарыз алудың көлемiн айқындайды, мемлекеттiң iшкi және сыртқы борыштарын басқарады, республикалық және жергiлiктi қазына қаражаттарының мақсатқа сай және тиiмдi пайдаланылуына қаржылық бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне бақылауды және заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
      3. Министрлiктiң құрамына кiретiн ведомстволар мен олардың аумақтық органдары, әкiмдер аппараттарының қаржы басқармалары (бөлiмдерi), арнаулы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiк Кеңестерiнiң қаржыларын басқару органдары, сондай-ақ Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi Министрлiктiң бiрыңғай жүйесiн құрайды және республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталады.
      4. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiндегi өзiнiң атауы жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
 
      II. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
 
      6. Министрлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк қаржы саясатын жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      - мемлекеттiк қаржыларды басқару;
      - мемлекеттiң қаржылық және бюджеттiк саясатын әзiрлеу;
      - жоспарлаудың экономикалық әдiстерiн пайдалана отырып, республикалық бюджеттiң және мемлекеттiк топтастырылған бюджеттiң жобасын қалыптастыру;
      - мемлекеттік макроэкономикалық көрсеткiштерi мен ақша-несие саясатының негiзiнде республиканың кiрiстерi мен шығыстары жөнiндегi қысқа және орташа мерзiмдi келешекке арналған ұсыныстарды әзiрлеу;
      - басым бағыттар бойынша шетел капиталын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      - қаржылық және бюджеттiк жоспарлаудың және реттеудiң әдiстерiн жетiлдiру;
      - барлық меншiк нысанындағы және қызмет түрлерiндегi заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың мемлекеттiк қаржы тәртiбiн сақтауына бақылауды ұйымдастыру;
      - меншiк қатынастарын басқару және қайтадан құру мәселелерi бойынша, тиiстi басымдықтарды, рәсiмдер мен тетiктердi қамтитын мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      - мемлекеттiк меншiктi пайдалануға, иелiк ету мен билiк жасау жөнiндегi уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;
      - мемлекеттiк меншiктi пайдалануға бақылау жасау, осы саладағы заңдарды сақтау;
      - мемлекеттiк пайларды және акция пакеттерiн басқаруды қамтамасыз ету;
      - мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудағы министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн үйлестiру;
      - өз құзыретiндегi мәселелер бойынша республиканың мүдделерiн халықаралық деңгейде бiлдiру;
      - шетелдегi меншiк мәселелерi бойынша мемлекеттiк мүдделердi сақтау, мемлекет қатысатын бiрлескен кәсiпорындардың қызметiне бақылау жасау;
      - кәсiпорындардың дәрменсiздiгiнiң алдын алу және банкроттық туралы заңдарды iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      - банкроттық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қозғауға немесе дәрменсiз кәсiпорындарға қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдауға байланысты мәселелердi шешкен кезде мемлекет мүдделерiн бiлдiру;
      - банкроттық туралы заң нормаларын қолданудан туындайтын процестердi iске асыру мақсатында нормативтiк және әдiстемелiк база құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      - банкроттық бойынша мамандарды (әкiмдердi, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды) даярлау мен қайта даярлауды, аттестациялау мен лицензиялауды ұйымдастыру;
      - банкроттық мәселелерi бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      - мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру кезiнде сатып алу-сату шарттарының сақталуына, осы саладағы заңдардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
      - жекешелендiруден кейiнгi шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      - сақтандыру қызметтi саласында мемлекеттiк сақтық қадағалауды жүзеге асыру;
      - белгiленген тәртiппен сақтандыру қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу;
      - сақтандыру мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттар мен келiсiмдердi әзiрлеуге және iске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстанның сақтандыру ұйымдарының басқа елдердiң сақтандыру компанияларымен халықаралық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу;
      - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен бiрлесiп мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен гранттарды, мемлекеттiк кепiлдiк арқылы мемлекеттiк емес сыртқы қарыздарды тарту мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      - мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен гранттарды, мемлекеттiк кепiлдiк арқылы мемлекеттiк емес сыртқы қарыздарды пайдаланудың тиiмдiлiгiне мониторинг және бақылау жасау;
      - Республикада бухгалтерлiк есептi дамыту және оны халықаралық бухгалтерлiк есеп жүйесiмен кiрiктiру;
      - бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң, қаржылық есептiлiктiң әдiстемесiн айқындау және оны экономиканың барлық салалары үшiн үйлестiру;
      - экономиканың барлық саласындағы ұйымдардың бухгалтерлiк есеп жағдайына зерттеулер жүргiзу, талдау жасау;
      - заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
      - бухгалтерлiк есеп және аудит мәселелерi жөнiндегi нормативтiк объективтi актiлердiң әдiлеттiлiкпен қаралуын және қабылдануын қамтамасыз ету;
      - бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiндегi заң негiздерiнiң және нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
      - аудиторлық қызметтi лицензиялау;
      - республикада бухгалтерлердi сертификаттау (аттестациялау);
      - салықтардың және бюджетте төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету;
      - салық салу мәселелерi жөнiндегi заңдардың, халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысу;
      - салықтық заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, оның тиiмдiлiгiн зерделеу;
      - салық заңдарының бұзылуына байланысты қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу және тергеу;
      - салық төлеушiлерге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, салық заңдарының және салық салу жөнiндегi нормативтiк актiлердiң өзгерiстерi туралы салық төлеушiлердi дер кезiнде хабардар ету;
      - салық қызметi органдарының жұмысына басшылықты жүзеге асыру;
      - салықтық әкiмдiк жөнiндегi әдiстемелiк және нұсқамалық материалдарды әзiрлеу және бекiту;
      - мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiнде материалдық құндылықтарды жинақтау, босату және қайтарып алу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген жоспарлары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      - меншiк және бағыныс нысанына қарамастан, мемлекеттiк резерв жүйесi кәсiпорындарындағы және басқа ведомстволардың жауапты сақтау пункттерiндегi мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiнiң материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;
      - төтенше жағдайларда кәсiпорындардың, ұйымдардың, азаматтық қорғаныс құрамаларының мұқтаждары үшiн және халықты жабдықтау үшiн сақтаулы материалдық құндылықтарды босату;
      - шикiзаттық, отын-энергетикалық ресурстардың және азық-түлiктiң ең маңызды түрлерiмен жабдықтау уақытша бұзылған кезде экономиканың әртүрлi салаларына, ұйымдарға белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қолдау көрсету;
      - мемлекеттiк резерв жүйесiн ұстауға және дамытуға бағытталған қаржы қаражаттарының мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк резерв жүйесiн дамыту, материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен операциялар жүргiзу;
      - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiнде, оның iшiнде кемiмейтiн қорда сақталуға жататын материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен көлемдерi жөнiнде ғылыми негiзделген, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
      - мемлекеттiк резервтердегi материалдық құндылықтарды жұмылдыру жөнiндегi жинақтау, броньнан шығару, жаңарту, ауыстыру, шығыстарды қаржыландыру жөнiндегi жылдық жоспарлардың жобаларын, сондай-ақ мемлекеттiк резервтегi материалдық құндылықтарды, елдiң экономикасына тарту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      - тиiсiнше Қарулы күштер үшiн және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге арналған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының кемiмейтiн қорын аумақтық орналастыруды белгiлеу және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсу;
      - мемлекеттiк резервтi құру және мемлекеттiк резервтi пайдалану мәселелерi жөнiндегi ұйымдардың өтiнiштерiн Үкiметтiң тапсырмасы бойынша қарау, тиiстi қорытындылар ұсыну;
      - мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерi материалдық құндылықтарының мөлшерiн және қозғалысын жиынтық есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттiк резерв бойынша тоқсан сайын және жұмылдыру резервi бойынша жыл сайын материалдық құндылықтардың жинақталуы, қайтарылуы және қозғалысы жөнiндегi тапсырмалардың орындалуы туралы егжей-тегжейлi талдаумен Қазақстан Республикасының Үкiметiне есептер беру;
      - мемлекеттiк резерв жүйесiнiң кәсiпорындарын қаржыландыруды және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн есеп айырысуды жүзеге асыру;
      - орталық аппаратта және бағынысты ұйымдарда мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiндегi ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру;
      - мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiнiң материалдық құндылықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      - мемлекеттiк резерв жүйесi кәсiпорындарында жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      - Экономика және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi жүргiзетiн тендерлердiң қорытындылары бойынша мемлекеттiк резервке өнiмдер беру жөнiндегi тiкелей шарттар жасасу;
      - заңдарда көзделген өзге де мiндеттер.
      7. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Министрлiк мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
      - басқа мемлекеттiк органдармен өзара бiрлескен iс-әрекетте мемлекеттiк индикативтiк жоспарларының, жиынтық қаржы балансының жобаларын әзiрлеуге, ақша айналысын нығайту және ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысады;
      - мемлекеттiк қаржы ресурстарын басқаруға қатысады және бюджеттiк шығыстарды ұтымды ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      - экономиканы қаржылық сауықтыру, бюджет тапшылығын, мемлекеттiң iшкi және сыртқы борышын қысқарту жөнiнде шаралар әзiрлеуге қатысады және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      - Қазақстан Республикасының Үкiметiне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiмен өзара қарым-қатынастарды айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      - қаржы мәселелерi бойынша басқа мемлекеттермен келiсiмдер әзiрлеу және жасасу бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
      - қаржы нарықтары инфрақұрылымының институттарын қалыптастыру мен олардың қызметiн реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      - қаржы заңдарының қолданылу практикасын қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, өз құзыретiне жататын заң, нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      - шетелдерде жұмыс iстейтiн еншiлес кәсiпорындарын, филиалдары мен өкiлдiктерiн қоса алғанда, барлық меншiк нысаны мен қызмет түрiндегi заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiнде заңдардың сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      - басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп мемлекеттiң мүдделерiн оның меншiгiне қол сұғудан қорғайды;
      - заңдарда көзделген өзге де функцияларды орындайды.
 
      7.1. Мемлекеттiң бiрыңғай қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыруға қатысты Министрлiк мынадай функцияларды атқарады:
      - әлеуметтiк-экономикалық дамуды қаржыландыру жөнiндегi көздердi болжауға және мемлекеттiң индикативтiк қаржы жоспарының жобасын әзiрлеуге қатысады;
      - республикалық бюджеттiң жасалуы мен атқарылуын және жергiлiктi бюджеттермен және мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлармен өзара қарым-қатынастарды реттеудi ұйымдастырады;
      - нысаналы кешендi бағдарламаларды қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      - салық және кеден саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
      - мемлекеттiң және азаматтардың қаржы мүдделерiн қорғауды ұйымдастырады;
      - мемлекеттiк борыштық мiндеттемелердi шығаруды, орналастыруды және өтеудi жүзеге асырады. Жергiлiктi заемдар шығарудың шарттарын тiркейдi, мемлекеттiк iшкi борышының есебiн жүргiзедi, мемлекеттiк бағалы қағаздарды тiркейдi;
      - бастапқы саудаластықта және қайталама iшкi нарықта бағалы металдармен операциялар жүргiзедi, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардың үкiметтiк резервiнiң есебiн жүргiзедi;
      - банктер мен кәсiпорындардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқарады;
      - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлер мен тұрғын үй құрылысы жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады;
      - институционалдық реформалар саласындағы мемлекеттiк саясатты айқындауға, мемлекет иелiгiнен алу, жекешелендiру және монополиялық қызметтi шектеу бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
      - бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың құрылымын жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады, олар ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың үнемдi және нысаналы жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
      - еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      - Қаржы министрлiгi жүйесiнiң ұйымдары мен мекемелерiнiң мамандарға деген қажеттiгiн айқындайды және оларды мамандармен қамтамасыз етедi, мамандар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады, кадрларды iрiктеу мен орналастыруды жүзеге асырады;
      - заңдарға, нормативтiк және құқықтық актiлерге сәйкес бiрыңғай қаржы-бюджет саясатын жүргiзу жөнiндегi басқа да функцияларды, сондай-ақ Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiкелей мiндеттерiнен туындайтын және оның құзыретiне жататын функцияларды жүзеге асырады.
      7.2. Мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыруға қатысты Министрлiк мынандай функцияларды орындайды:
      - республиканың басқа мемлекеттiк органдарымен бiрлесе отырып, мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
      - сыртқы экономикалық байланыстардың, экспорт пен импорт құрылымының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды жүргiзуге қатысады;
      - шетелдiк инвестициялар мен несиелердi тарту мен пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты айқындауға, сондай-ақ республика үшiн экономикалық, техникалық және қаржылық көмекке деген қажеттiлiктi айқындауға және ол туралы халықаралық ұйымдарды, донор-елдердi хабардар етуге қатысады;
      - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен, Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып мемлекеттiң сыртқы борышының лимитiне талдау жасайды және оны белгiлейдi, сондай-ақ шетелдiк валютамен алынған несиелер үшiн түпкi заемшымен есеп айырысудың тәртiбiн әзiрлейдi;
      - Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шеңберiнде берiлген бағдарламалық және жобалық заемдарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi мен есепке алынуы саласындағы үйлестiрудi жүзеге асырады;
      - халықаралық тендерлер /конкурстар/ өткiзедi және мемлекет кепiлдiгiне алынған заемдар мен несиелер шеңберiнде тауарлар мен қызметтер сатып алу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
      - заңдарға сәйкес сыртқы экономикалық қызмет және валюталық реттеу саласындағы басқа да функцияларды, сондай-ақ Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiкелей мiндеттерiнен туындайтын және оның құзыретiне жататын функцияларды жүзеге асырады.
 
      7.3. Қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысты Министрлiк мынадай функцияларды орындайды:
      - мемлекеттiк меншiк нысанындағы бюджеттiк мекемелер мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне, олардағы ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуына, мемлекет мүдделерiне қатысты басқа да қаржы мәселелерi бойынша кезең-кезеңiмен тексерiстер мен тексерулер жүргiзедi;
      - тексерiстер мен тексерулердiң материалдарын қорыту негiзiнде валюта қаражатын қоса алғанда, мемлекеттiк қаражатты ұтымды пайдалану, кәсiпорындардың, ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың мемлекетпен қаржы қатынастарын, есеп жүргiзу әдiстемесi мен қаржылық бақылауды ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      - қаржылық бақылау саласында заңдарға сәйкес басқа да функцияларды, сондай-ақ Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiкелей мiндеттерiнен туындайтын және оның құзыретiне жататын басқа да функцияларды жүзеге асырады.
 
      III. Министрлiктiң құқықтары
 
      8. Министрлiкке мемлекеттiк қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыру бойынша жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiктiң мыналарға:
      - барлық заңды тұлғалардан бухгалтерлiк баланстар және салық салу құрамы мен объектiлерi туралы басқа материалдар, сыртқы заемдар бойынша келiсiмдер туралы ақпарат, бюджет жобаларын жасау, оның атқарылуын ұйымдастыру, мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемелерiнiң орындалуына және мемлекеттiк қаржы тәртiбiнiң сақталуына қаржылық бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ Министрлiкке жүктелген басқа да функцияларды орындау үшiн қажеттi статистикалық және өзге де материалдар алуға;
      - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекет меншiгiндегi мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк жасауға;
      - мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге;
      - мемлекеттiк кәсiпорындар құруға, мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган болуға;
      - мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға қаражаттың келiп түсуiне қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқару тәртiбiн белгiлеуге және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша кассалық айырмашылықтарын жабуға несие беруге;
      - ұйымдар бюджет қаражаттарын заңсыз және мақсатқа сай емес жұмсаған жағдайда, сондай-ақ жұмсалған қаражат туралы есеп бермеген кезде қаражатты даусыз тәртiппен бюджетке өндiрiп алуға (керi қайтарып алуға) оларды Республикалық бюджеттен қаржыландыруды шектеуге немесе тоқтата тұруға;
      - Министрлiктiң құзыретi шегiнде қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде және оларды орындау үшiн меншiк нысандарына, қызмет түрлерiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлер, сондай-ақ қаржы-бюджеттiк жоспарлау мен қаржыландыру, салықтар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеу мен алу, бухгалтерлiк есеп пен аудит өткiзу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiнде есеп жасау тәртiбi, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару және олардың айналысының тәртiбi мәселелерi бойынша нұсқаулықтар, бұйрықтар мен нұсқамалар шығаруға құқығы бар.
      9. Қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысты Министрлiктiң мыналарды:
      - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тексерiстер мен тексерулер жүргiзуге, сондай-ақ санкциялар қолдануға;
      - бюджет, валюта заңдарын бұзушылықты жою туралы барлық тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге;
      - Министрлiк жүйесiне кiретiн ведомстволардың есептiлiк, бюджеттiк және қаржылық реттеу мәселелерi бойынша қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн актiлерiнiң қолданылуын тоқтата тұруға және жоюға құқығы бар.
      10. Сыртқы экономикалық қызметтi реттеуге қатысты Министрлiктiң мыналарға:
      - шетелдiк заемдар мен несие алушылардан алынған қаражаттың, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiне берiлген шетелдiк несиелер мен заемдардың есебiнен сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар мен технологиялардың мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы есептердi сұратуға және алуға;
      - Үкiметтiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекет алған сыртқы заемдар туралы келiсiмдерге қол қоюға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сыртқы заемдарға мемлекет кепiлдiгiн беруге;
      - министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден және өзге де орталық атқарушы органдар мен ұйымдардан қаржы және техникалық көмек қаражаттарын игерудiң барысы туралы есептер алуға;
      - Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де атқарушы органдардың жұмысына әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға және оны үйлестiрiп отыруға құқығы бар.
      11. Министрлiк өзiне бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелерiн белгiлеген тәртiппен шешуге, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсе отырып, қаржы жүйесiнiң жергiлiктi органдарын қайта құруды жүзеге асыруға құқылы.
      12. Қаржы министрi осы Ереженi орындау үшiн құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi.
 
      IV. Министрлiктiң қызметiн үйлестiру
 
      13. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi тағайындайтын Министр басқарады.
      Министрдiң орынбасарларын, заңды тұлға болып табылатын ведомстволардың басшыларын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      14. Министрлiкте Министрден (алқа төрағасы), Министрдiң орынбасарларына, Министрлiктiң комитеттерi мен департаменттерiнiң басшыларына, сондай-ақ Министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерiнен тұратын алқа құрылады. Алқа мүшелерiнiң санын республиканың Үкiметi, ал алқаның жеке құрамын - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      Алқаның шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. Алқаның мүшелерi арасында дауыстар тең болған жағдайда шешiмдi алқаның төрағасы қабылдайды.
      15. Мемлекеттiк қаржы саясатын жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiк құрамына келiсiм бойынша министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер, тұрақты жұмыс iстейiн және уақытша жұмыс топтарын құруға құқылы.
      16. Министрлiктiң заңды тұлға болып табылатын комитеттерi мен департаменттерi туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Қаржы министрi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының және оның құрамына кiретiн ведомстволардың штат кестесiн бекiтедi.
      17. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы-экономикалық қызметiн насихаттау, қаржы, бюджет, салық және несие саласындағы мамандардың теориялық және практикалық дағдыларын арттыру үшiн, сондай-ақ қаржы-құқық мәселелерi жөнiндегi консультациялық әдiстемелiк және анықтамалық әдебиетпен қамтамасыз ету және оларды басып шығару үшiн Министрлiктiң баспа органы мен полиграфиялық базасы болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады