Мемлекеттiк астық ресурстарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 29 мамырдағы N 901

      Мемлекеттiк астық ресурстарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудi, мемлекеттiк резерв астығын сатудан алынған және мемлекеттiк мiндеттемелердi орындауға жiберiлген ақша қаражатын қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 21 маусымдағы N 294 өкiмiне  сәйкес "Канемацу Корпорэйшн" (Жапония) фирмасынан сатып алынған "СК-5МI "Нива" маркiлi 200 астық жинайтын комбайн берсiн.
      Комбайндарды беру баланстық құн бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына республикалық бюджетте 1997 және 1998 жылдары Қорды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебiнен комбайндар үшiн табиғи төлем ретiнде мемлекеттiк ресурсқа 1996 жылы тапсырылған астықтың құнын ұстап қала отырып алынған техниканың құнын:
      99655470 теңге - 1997 жылғы 1 тамызға дейiн;
      3676,2 мың АҚШ долларына баламды соманы - 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн;
      3787,6 мың АҚШ долларына баламды соманы - 1998 жылғы 1 қарашаға дейiн төлеу тапсырылсын.
      3. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына 1997 жылғы 1 тамызға дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 7 өкiмiне  сәйкес "БАСФ" (Германия) және "Зенека-Защита растений" (Ұлыбритания) фирмаларына республикаға берген пестицидтер үшiн 200528000 теңге сомасындағы борышын өтеуге жұмсалған қаражатты республикалық бюджетте 1997 жылы Қорды қаржыландыруға арнап көзделген қаражат есебiнен орнын толтыру тапсырылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.02. N 1318
қаулысымен
      4. Алматы облысының әкiмi облыс ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 149 өкiмiмен мақұлданған келiсiм-шарт бойынша берiлген жүгерi өсiру жөнiндегi венгер технологиясы үшiн берешегiн Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына қаржы аударумен өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.09.02. N 1318 қаулысымен .
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бiр ай мерзiмде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң Қор қабылдаған техникаларға төлем жасау тәртiбiн айқындасын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады