Электр энергетикасы объектiлерiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн мүлiктiк жалға беру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 маусымдағы N 921

      "Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 мамырдағы N 663 P960663_ қаулысына сәйкес және электр энергетикасы объектiлерiн 1997/98 жылғы күзгi-қысқы жұмыс режимiне әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп "Атырауэнерго" акционерлiк қоғамын "Атырау электр тарату желiсi компаниясы" және "Атырау ЖЭО" екi дербес акционерлiк қоғамға бөлу жолымен қайта ұйымдастыру жөнiнде заңда белгiленген тәртiппен шаралар қабылдасын;
      акционерлiк қоғамның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру департаментiне сату үшiн бұрын берiлген мемлекеттiк акциялар пакетi 1-қосымшаға сәйкес қайтарып алынсын;
      Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдардың, мемлекеттiк акциялар пакетiн кейiн акциялардың 60 процентiне дейiн сатуға, оның iшiнде:
      электр станцияларын - 1997 жылғы 1 шiлдеге дейiн;

     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 6-абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.08.01.
              N 1206 қаулысымен.  

P971206_

  
     2. 2-қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы құрылсын.
     Жұмыс тобы 1997 жылғы 10 маусымға дейiнгi мерзiмде аймақтық
электр тарату желiсi компаниялары мен электр станцияларының
берешектерiн қайта құрылымдау тетiгiн әзiрлесiн.
     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 4 маусымдағы
                                          N 921 қаулысына
                                            1 қосымша

             Акцияларының мемлекеттiк пакетi мүлiктiк жалға
                    берiлетiн акционерлiк қоғамдардың
                                 ТIЗБЕСI
     _______________________________________________________________
                                          |  Объектiлердi тендерге
         Акционерлiк қоғамдардың атауы    |дайындауға жауапты органдар
     _____________________________________|_________________________

                            Электр станциялары
     "Ақтөбе ЖЭО" АҚ                        Облыс әкiмi, Мемлекеттiк
                                            мүлiк және активтердi
                                            басқару департаментiнiң
                                            аумақтық комитетi
     "Талдықорған ЖЭС" АҚ                   Бұл да
     "Жылу орталығы" АҚ (Қызылорда 6-ЖЭО)   Бұл да
     "Шымкент 1,2-ЖЭО" АҚ                   Бұл да

                      Электр тарату желiсi компаниялары

     "Ақтөбе ЭТК" АҚ                        Бұл да
     "Жамбыл ЭТК" АҚ                        Бұл да
     "Жезқазған ЭТК" АҚ аудандық АҚ-мен     Бұл да
     "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ               Бұл да
     "Қызылорда ЭТК" АҚ                     Бұл да
     "Қостанай ЭТК" АҚ                      Бұл да
     "Маңғыстау ЭТК" АҚ                     Бұл да
     "Павлодар ЭТК" АҚ                      Бұл да
     "Солтүстiк Қазақстан ЭТК" АҚ           Бұл да
     "Талдықорған ЭТК" АҚ                   Бұл да
     "Торғай ЭТК" АҚ                        Бұл да
     "Оңтүстiк Қазақстан ЭТК" АҚ            Бұл да

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 4 маусымдағы
                                          N 921 қаулысына
                                            2 қосымша

                    Жұмыс комиссиясының құрамы

     Храпунов В.В.            - Қазақстан Республикасының Энергетика
                                және табиғи ресурстар министрi,
                                төраға

     Қалмырзаев С.С.          - Қазақстан Республикасы Қаржы министр.
                                лiгi Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi
                                басқару департаментiнiң директоры,
                                төрағаның орынбасары

     Утепов Э.К.              - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрлiгiнiң Жекешелендiру
                                жөнiндегi департаментiнiң директоры

     Тиесов С.А.              - Қазақстан Республикасы Энергетика
                                және табиғи ресурстар министрлiгiнiң
                                Электрэнергетика департаментiнiң
                                директоры

     Руденко Ю.С.             - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрлiгi материалдық салалар
                                департаментiнiң директоры

     Бертiсбаев Н.Б.          - Қазақстан Республикасының Энергетика
                                және табиғи ресурстар министрлiгi
                                Электрэнергетикасы департаментi
                                директорының орынбасары

     Раханов М.С.             - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                министрлiгi Жекешелендiру жөнiндегi
                                департаментi директорының орынбасары

     Мәдиев Б.М.              - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк пен
                                активтердi басқару департаментiнiң
                                басқарма бастығы

     Жанысов Е.Т.             - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                министрлiгi Жекешелендiру жөнiндегi
                                департаментiнiң басқарма бастығы

     Барамысова Г.А.          - Қазақстан Республикасы Энергетика
                                және табиғи ресурстар министрлiгi
                                Электрэнергетика департаментiнiң
                                бөлiм бастығы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады