1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 маусымдағы N 961. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия мына құрамда құрылсын:
     Мұқашев Ж.Ж.          - Қазақстан Республикасының Қаржы
                             вице-министрi, Комиссия төрағасы
 
     Ертiлесова Ж.Ж.       - Қазақстан Республикасының Қаржы
                             вице-министрi, Комиссия төрағасының
                             орынбасары
 
     Мыңбаев С.М.          - Қазақстан Республикасының Қаржы
                             вице-министрi

     Марченко Г.А.         - Қазақстан Республикасының Бағалы
                             қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының
                             төрағасы (келiсiм бойынша)

     Өтембаев Е.Ә.         - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                             жоспарлау жөнiндегi агенттiгiнiң
                             төрағасы (келiсiм бойынша)

     Ақанов С.А.           - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
                             төрағасының орынбасары (келiсiм
                             бойынша)

     Дәмитов К.К.          - Қазақстан Республикасының Экономика
                             және сауда вице-министрi

     Зейнелғабдин А.Б.     - Қазақстан Республикасының Қаржы
                             министрлiгi Бюджеттiк департаментiнiң
                             директоры

     Котенко Н.Л.          - Қазақстан Республикасының
                             Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Үкiмет
                             шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру
                             бөлiмiнiң меңгерушiсi

      2. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      3. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия 1997 жылдың 20 маусымына дейiн Комиссияның жоспар-кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi
 
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 12 маусымдағы
                                           N 961 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

       

    1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс
     бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия туралы
                               ЕРЕЖЕ

      1. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөнiндегi арнаулы комиссия (бұдан әрi - Комиссия) өз қызметiн Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
      2. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты қоғамның, мемлекеттiң мүдделерiне және қазiргi заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретiн 1998 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң тиiмдi құрылымын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. 
      3. Комиссияның бiрiншi кезектегi мiндетi мемлекеттiк және республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өз бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу кезiнде ұстануға тиiстi баптар бойынша шығыстардың жоғарғы лимиттерiн айқындау болып табылады. 
      Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
      1996 және 1997 жылдардағы республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуының тиiмдiлiгiне талдау жасау; 
      1998 жылға арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттiң баптары бойынша шығыстардың жоғарғы лимиттерiн айқындаудың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ұсынған әдiстемесiн қарау және бекiту; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi берген ұсыныстардың негiзiнде, кiрiстер болжамын және тапшылықты қаржыландырудың жол берiлетiн деңгейiн есепке ала отырып, 1998 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң iрiлендiрiлген баптары бойынша шығыстардың жоғарғы лимиттерiн қалыптастыру; 
      Комиссия мүшелерiнiң немесе Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының бағдарламаларды республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге және жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке көшiруге қатысты ұсынымдарын қарау; 
      1998 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердiң iрiлендiрiлген параметрлерiн белгiлеуге қатысу. 
      4. Комиссияның: 
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн өзге орталық атқарушы органдардан, жергiлiктi басқару органдарынан, басқа да мемлекеттiк органдардан өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне шығыстарды министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге атқарушы органдар бойынша Комиссия белгiлеген шығыстардың жоғарғы лимиттерiнiң шегiнде неғұрлым егжей-тегжейлi әзiрлеуi кезiнде ұсынымдар беруге; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң және басқа министрлiктер мен ведомстволардың арасында олардың бюджеттiк өтiнiмдерiне өзгерiстер енгiзу мәселелерi бойынша туындауы мүмкiн кез келген елеулi келiспеушiлiктердi шешуге қатысады; 
      өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен кеңестер шақыруға, басқа шаралар жүргiзуге; 
      өз қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен, мемлекеттiк басқарудың орталық және жергiлiктi органдарымен, ғылыми ұжымдармен, ғалымдармен, мамандармен, тиiстi халықаралық ұйымдармен, өзара бiрлескен iс-қимыл жасауға өкiлеттiгi бар. 
      5. Комиссияның жұмысы жоспарлы құрылады. Комиссия әзiрлеген материалдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынылады және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiлуi мүмкiн. 
      6. Комиссия шешiмдердi Комиссия мүшелерi жалпы құрамының көпшiлiк даусымен қабылдайды. Шешiмдер хаттамамен ресiмделедi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады