Қазақстан Республикасының экономика салалары бойынша жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн ақы есептеу, алу мен енгiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1227. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.29. N 374 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес, су ресурстарын өндiру мен сақтауды қаржыландыру жүйесiн құру, суды ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының экономика салалары бойынша жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн ақы есептеу, алу мен енгiзудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн ақы төлеу ставкалары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгi меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер мен басқа да заңды тұлғаларға арналған ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандарын:
      су пайдалану туралы есептi (2ТП-су шаруашылығы);
      су ресурстары үшiн төлемдер туралы есептi бекiтсiн.
      4. "Жер үстi және жер асты көздерiнен алынатын су ресурстары

 

үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1744 қаулысының (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 513-құжат) күшi жойылған

деп танылсын.

     5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары

бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкес

келтiрсiн.

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 7 тамыздағы

                                          N 1227 қаулысымен

                                             бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының экономика салалары бойынша

            жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн

             төлем есептеу, алу мен енгiзудiң тәртiбi туралы

                                 Ереже

     I. Жалпы ережелер


 
       1. Осы Ереже экономика салалары бойынша жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн төлем есептеу, алу мен енгiзудiң және осы қаражатты пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем жер бетi көздерiнен олардан суды алып немесе алмай арнайы су пайдаланудың барлық түрiне белгiленедi.
      3. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем енгiзудiң мақсаты су ресурстарын өндiру мен сақтауға кететiн шығыстарды өтеу, суды ұтымды пайдалануды экономикалық ынталандыруды, су ресурстарын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету, сулардың қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерiн азайту болып табылады.
      4. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдар, өнеркәсiп (жылу энергетикасын қоса алғанда), ауыл және балық шаруашылығы, гидроэнергетика және су көлiгi үшiн енгiзiлiп отыр.
      5. Жер үстi көздерiнен алынатын су ресурстарын пайдалану үшiн төлем ставкалары республикадағы экономикалық жағдай мен су шаруашылығы ахуалының өзгеруiн есепке ала отырып қажеттiлiгiне қарай су ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленедi.
 
      II. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем есептеудiң тәртiбi
 
      6. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем су пайдаланушыларға арналған ставкалар бойынша есептеледi.
      Су пайдаланушыларға: тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдар, өнеркәсiп орындары (жылу энергетикасын қоса алғанда), ауыл шаруашылығы*, балық шаруашылығы**, гидроэнергетика, су көлiгi*** жатады.
 
      Ескерту: Ауыл шаруашылығына суды ауыл шаруашылығы өнiмiн
                   өндiру үшiн пайдаланатын су тұтынушылар жатады.
              Балық шаруашылығы су пайдаланушылардың екi түрiне
                   бөлiнедi: су көздерiнен су алатын тоған
                   шаруашылықтары және су айдау және суды реттейтiн
                   құрылғылары бар су көздерiнде балық аулайтын
                   тұтынушылар.
             Су көлiгi - су айдау және суды реттейтiн
                   құрылғылары бар су көздерiнде жүк тасымалдау
 
      Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем-көлiкпен тартпай ағаш ағызуға, рекреацияға, жер қазу техникасын қолдануға, батпақ құрғатуға, су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтпей және судың жай-күйi әсер ететiн құрылғылар мен техникалық құрылғыларды пайдаланбай жүзеге асырылатын ортақ су пайдалануға тарамайды.
      7. Өнеркәсiп орындары өндiрiстiк мұқтаждар үшiн су шаруашылығы жүйелерiнен алынатын су үшiн бұл судың тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн басқа өнеркәсiп орындарынан немесе ұйымдарынан келетiнiне қарамастан төлем жасайды.
      Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық мұқтаждар үшiн жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемдi тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдар үшiн көзделген ставкалар бойынша жүзеге асырады.
      Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететiн ұйымдар жер үстi көздерiнен алынатын су үшiн төлемдi бюджетке өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемiн шегере отырып, енгiзедi.
      8. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем сомаларын есептеудi су пайдаланушылар олардың орналасқан жерi бойынша, белгiленген ставка мен алынатын судың көлемiне қарай, әрбiр өткен ай үшiн су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып жүргiзедi және олар су тұтынушы объектi орналасқан жердегi салық органына келесi айдың 15-күнi ұсынады. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем сомасы жөнiндегi есептердi мерзiмiнде ұсынбағаны үшiн су пайдаланушылар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      9. Су алу лимитi арнайы су пайдалануға арналған рұқсатпен анықталады және оны су шаруашылығы жағдайына қарай су ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган реттеп отырады.
 
      III. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлемдi алу мен
           енгiзудiң тәртiбi
 
      10. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлемдер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлемнен босатылатындардан басқа Қазақстан Республикасының аумағындағы су пайдаланушылардан, заңды және жеке тұлғалардан (шетелдiктерiн қоса алғанда) алынады.
      11. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлемдер ай сайын, келесi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
      Енгiзiлген төлем сомасы салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiлуге жатады.
      12. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттерге түседi.
 
      IV. Су алуға және су ресурстарын пайдалану үшiн төлемнiң
          түсуiне бақылау
 
      13. Су алу есебiнiң және төлем сомаларын есептеудiң дұрыстығын тексеру мен оларға бақылау жасауды су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен Қазақстан Республикасының салық қызметi органдарының қызметкерлерi жүргiзедi, олар су алудың белгiленген лимитiнiң сақталуын, төлем есептеудiң тәртiбi мен бастапқы деректердiң техникалық негiздiлiгiн актiлер мен ұйғарымдар түрiнде ресiмдей отырып тоқсанына кемiнде бiр рет тексерiп отырады.
 
      V. Су пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
 
      14. Су пайдаланушылар:
      лауазымды адамдардың су ресурстарын пайдалану үшiн төлемдi есептеу пен алу кезiнде жол берiлген заңсыз әрекеттерiне бағыныстылық тәртiбiне қарай жоғары тұрған мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға шағымдануға құқылы. Жоғары тұрған мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның шешiмiмен келiспеген жағдайда су пайдаланушылардың белгiленген тәртiппен сот органдарына жүгiнуге құқығы бар;
      су пайдалану туралы жылдық есептi (2ТП - су шаруашылығы) нысаны бойынша су ресурстарын басқарудың уәкiлеттi және мемлекеттiк органдарына және статистикалық есептiлiкпен су ресурстары үшiн төлемдер туралы тоқсандық есептердi - қаржы органдарына, су ресурстарын басқару және статистикалық есептiлiк органдарына ұсынуға мiндеттi;
      су ресурстарын пайдалану үшiн төлемдердiң бюджет дұрыс және уақтылы енгiзiлуiне жауап бередi.
 
      VI. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем алудан түсетiн
          қаражатты пайдалану
 
      15. Су ресурстарын пайдалану үшiн төлем алудан түскен қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Үкiметiнiң 1997 жылғы

                                       7 тамыздағы

                                       N 1227 қаулысына

                                       қосымша



 
 
            Жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдалану

 

                      үшiн төлем ставкалары

____________________________________________________________________

Рет|                   |            Су пайдаланушылар

N |  Өзен бассейндерi |____________________________________________

   |                   |тұрғын |жылу |ауыл |балық шаруа. |гид. |су

   |                   |үй-пай.|энер.|шаруа|шылығы       |ро.  |көлi.

   |                   |далану |гети.|шылы.|_____________|энер.|гi

   |                   |және   |касын|ғы*  |су    |су    |гети.|тиын/

   |                   |комму. |қоса |тиын/|көзде.|көзде.|ка   |т.км

   |                   |налдық |ал.  |текше|рiнен |рiнде |тиын/|

   |                   |қызмет |ғанда|метр |су    |балық |кВт. |

   |                   |көрсе. |өнер.|     |алуды |аулай.|сағ  |

   |                   |тетiн  |кәсiп|     |жүзе. |тын   |     |

   |                   |ұйымдар|тиын/|     |ге    |тұты. |     |

   |                   |мен    |текше|     |асыра.|нушы. |     |

   |                   |кәсiп. |метр |     |тын   |лар   |     |

   |                   |орындар|     |     |тоған |теңге/|     |

   |                   |тиын/  |     |     |шаруа.|т     |     |

   |                   |текше  |     |     |шылық.|      |     |

   |                   |метр   |     |     |тары  |      |     |

   |                   |       |     |     |тиын/ |      |     |

   |                   |       |     |     |текше |      |     |

   |                   |       |     |     |метр  |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

1 |Сырдария өзенiнiң  | 3,88  |10,93| 3,02| 3,02 | 77,24| 1,15|0,43

   |бассейнi           |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

2 |Балқаш және Алакөл | 3,45  | 9,49| 2,73| 2,59 | 67,74| 1,01|0,29

   |өзендерi мен көл.  |       |     |     |      |      |     |

   |дерiнiң бассейнi   |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

3 |Ертiс өзенiнiң     | 3,74  |10,79| 3,02| 3,02 | 76,37| 1,15|0,43

   |бассейнi           |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

4 |Есiл өзенiнiң      | 3,60  |10,07| 2,88| 2,88 | 72,35| 1,01|0,29

   |бассейнi           |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

5 |Нұра, Сарысу, Кең. | 4,03  |11,51| 3,31| 3,16 | 81,69|  -  |  -

   |гiр және басқа     |       |     |     |      |      |     |

   |өзендердiң         |       |     |     |      |      |     |

   |бассейндерi        |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

6 |Торғай, Ырғыз,     | 3,60  |10,36| 2,88| 2,88 | 73,64|  -  |  -

   |Тобыл және басқа   |       |     |     |      |      |     |

   |өзендердiң         |       |     |     |      |      |     |

   |бассейнi           |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

7 |Орал, Ойыл, Сағыз, | 4,31  |12,23| 3,45| 3,31 | 86,73|  -  |0,43

   |Ембi, Жайық,Үлкен  |       |     |     |      |      |     |

   |және Кiшi Өзен     |       |     |     |      |      |     |

   |өзендердiң бассейнi|       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

8 |Шу, Талас және Ассы| 4,03  |11,36| 3,31| 3,16 | 82,55| 1,15|  -

   |өзендерiнiң        |       |     |     |      |      |     |

   |бассейнi           |       |     |     |      |      |     |

___|___________________|_______|_____|_____|______|______|_____|____

     Ескерту:


Ауыл шаруашылығы үшiн су ресурстары үшiн төлем

                  1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiледi.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады