Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және функционалдық қамтамасыз ету департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 19 тамыз N 1269. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. N 1556 қаулысымен. ~P971556

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң

Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және функционалдық

қамтамасыз ету департаментi туралы қоса берiлiп отырған Ереже

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 19 тамыздағы

                                          N 1269 қаулысымен

                                              бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң

           Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және

               функционалдық қамтамасыз ету департаментi

        (Денсаулықминiнiң Мемсанэпидемқызмет департаментi) туралы

                                 ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және функционалдық қамтамасыз ету департаментi (бұдан әрi - Департамент) Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесiне басшылықты қамтамасыз ететiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
      Департаменттiң аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстардың бекiтiлген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шеңберiндегi сметасын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi бекiтедi.
      Департаменттiң құрылымы мен құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
 
      II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
 
      Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
      елдегi санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
      республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды зерделеу;
      белгiленген тәртiппен сыртқы ортаның ластануын жоюға және оның алдын алуға, халықтың еңбек ету, оқу, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргiзуге мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды, сондай-ақ аурулардың алдын алу оны төмендетуге бағытталған шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және нысаналы бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
      республика аумағын адамдардың карантиндiк және басқа да аса қауiптi инфекцияларын әкелуден және олардың таралуынан қорғау;
      санэпидқызмет органдарын және мекемелерiн бюджеттен бөлiнетiн мақсатты қаражаттардың, сондай-ақ орталықтандырылған бюджеттен тыс қаражаттың есебiнен иммундық-биологиялық дәрi-дәрмекпен залалсыздандыру заттарымен, жабдықтармен, аспаптармен, санитарлық автокөлiкпен қамтамасыз ету болып табылады.
 
      III. Департаменттiң функциялары мен құқықтары
 
      Департамент өз құзыретiнiң шегiнде:
      мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн органдар мен мекемелерге басшылық жасайды;
      денсаулық сақтау және республика халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын жасауға қатысады;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;
      министрлiктер мен ведомстволардың қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған кешендi санитарлық-сауықтыру шараларын келiседi;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң олардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарын орындауы жөнiндегi қызметiне бақылау жасайды;
      өнiмдердiң, тауарлардың, процестер мен көрсетiлген қызметтердiң мемлекеттiк стандарттарын, техникалық шарттарын, жобалау нормаларын келiседi, санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтер мен нормативтiк және әдiстемелiк сипаттағы өзге де құжаттарды бекiтедi;
      санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бөлiгiнде басқа да мемлекеттiк бақылау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң шекараны карантиндiк және аса қауiптi инфекцияны әкелу мен олардың таралуынан сақтау жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады және үйлестiредi;
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
      гигиена және эпидемиология саласындағы ғылыми жетiстiктердi тәжiрибеге енгiзуге бақылау жасайды;
      белгiленген тәртiппен мамандарды аттестациялайды;
      қала үй-жайларын жоспарлау мен салу жөнiндегi жобалау құжаттамаларын әзiрлеу кезiнде санитарлық ережелер мен нормалардың гигиеналық нормативтердiң сақталуына бақылау жасайды, объектiлердiң салынуы мен қайта жаңартылуына iрiктемелi бақылау жасайды;
      жұмыс iстеп жатқан объектiлерге мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      республикада өндiрiлетiн жаңа залалсыздандыру, дезинфекциялау, дератизациялау және дезодорациялау заттарын және Қазақстан Республикасына шетелден әкелiнетiн залалсыздандыру, дезинфекциялау, дератизациялау және дезодорациялау заттарын және ұдайы қауiп төндiретiн химиялық және биологиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялайды.
 
      IV. Департаменттiң жұмысын ұйымдастыру
 
      Департаменттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      Департамент Директоры сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi болып табылады.
      Департамент Директорының орынбасарын Департамент Директорының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi тағайындайды.
      Департамент директоры:
      Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады, өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына жеке жауап бередi, орынбасарлары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының арасында мiндеттердi бөледi, оларға жүктелетiн мiндеттердiң орындалуы үшiн жауаптылығының дәрежесiн белгiлейдi;
      Департаменттiң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң басқа бөлiмшелерiмен жұмысын үйлестiредi;
      бекiтiлген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент қызметкерлерiн көтермелеу мен тәртiптiк жаза қолдану туралы мәселелердi шешедi;
      барлық мемлекеттiк және қоғамдық бiрлестiктерде, ұйымдарда, сотта, Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өкiлдiк етедi, сондай-ақ Департамент атынан шаруашылық шарттарын жасасады;
      облыстардың, Алматы және Ақмола қалаларының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiн тиiстi әкiмдермен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      эпидемияға қарсы шаралар жүргiзуде бөлiнген қаражаттың (эпидқор), орталықтандырылған күрделi қаржының билiк етушiсi болып табылады;
      Департаменттiң жанынан бас штаттан тыс мамандар институты ұйымдастырылады. Қызметтiң негiзгi бағыттары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi ұйымдастыру және басқару, гигиена, эпидемиология, микробиология, иммунология мәселелерi және залалсыздандыру iсi жөнiндегi кеңестер, комиссиялар мен комитеттер ұйымдастырылуы мүмкiн.
      Департамент заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады