Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 833 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1600

      Герман несиесiн өтеу жөнiндегi қаржылық мiндеттемелердi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазагрореммаш-холдинг" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервис мемлекеттiк холдинг компаниясының құқықтық мұрагерлiк мәселелерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 833 P960833_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "Қазагрореммаш-холдинг" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және автосервис мемлекеттiк холдинг компаниясының (бұдан әрi - "Қазагрореммаш" акционерлiк қоғамы") деген сөздер "МБК" жауапкершiлiктi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - "МБК" ЖШС) деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Қазагрореммаш" акционерлiк қоғамына" деген сөздер "МБК" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Қазагрореммаш" акционерлiк қоғамы мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша банктiк сараптаманың негiзiнде бiр айлық мерзiмде "МБК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен 1998-2002 жылдардың iшiнде "МБК" ЖШС" тарапынан негiзгi борыш пен несие валютасында немесе төлем күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiленген бағам бойынша теңгеде, барлық iлеспе төлемдердi республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi кепiлдiктер мен кепiл мiндеттемелердi ұсыну арқылы шетелдiк несиенi өтеу жөнiнде несиелiк шарт жасассын;
      4 және 5-тармақтар тиiсiнше 5 және 6-тармақтар болып есептелсiн;
      көрсетiлген қаулыға қосымшадағы "Агрореммаш" компаниясы" АҚ" деген сөздер "МБК" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады