"Шардара ГЭС-i" акционерлiк қоғамын құру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 4 ақпандағы N 76

      Нарын-Сырдария каскады су-энергетикалық кешенiн пайдалану жөнiндегi қызметтердi үйлестiрудi күшейту, су бассейнiнiң әлеуетiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, оңтүстiк аймақты энергиямен қамтамасыз етудi және энергетикалық режимдердi оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Оның жарғылық қорынан Шардара ГЭС-iнiң қаржысын қамтитын мемлекеттiк мүлiктi бөлектеу жолымен "Су қоймалы Шардара ГЭС-i" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк мүлiктiң базасында акцияларының жүз проценттiк мемлекеттiк пакетi бар "Шардара ГЭС-i" ашық акционерлiк қоғамын құрсын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компаниясы" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп екi апталық мерзiм iшiнде "Шардара ГЭС-i" акционерлiк қоғамының құрамына берiлетiн объектiлердiң тiзбесiн айқындасын.
      4.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.06. N 936
               қаулысымен. P990936_
      5. "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамы оңтүстiк аймақта су-энергетикалық режимдердi оңтайландыру мақсатында жаңадан құрылатын "Шардара ГЭС-i" акционерлiк қоғамының тиiмдi жұмыс iстеуiн Шардара су қоймасы мен оның құрылыстарын ұстауды, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстарын кепiлдендiрiлген сумен жабдықтауды қамтамасыз етсiн.

 

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.03. N 163

              қаулысымен. 


P980163_




     6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су

ресурстары жөнiндегi комитетi экологиялық талаптарды ескере отырып

аймақта су ресурстарын реттеудi және кешендi пайдалануды қамтамасыз

етсiн.



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.03. N 163

              қаулысымен. 


P980163_




     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады