Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 17 сәуiрдегi N 347

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергиясын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1430 P961430_ қаулысында:
      1-тармақтың алтыншы абзацындағы "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамының басқармасын, Өскемен қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 P971148_ қаулысында:
      1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының басқармасын Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн және Компанияны Алматы қаласында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн";
      "Уран өнiмiнiң экспортын реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы"

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 130



P980130_


  қаулысында:

     4-тармақтың үшiншi абзацындағы "он үшiншi" деген сөз "жетiншi"

деген сөзбен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады