Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына разрядты жүктердi транзиттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 18 маусымдағы N 552

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақтан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына:
      "Нитро-Взрыв" акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы) мен Науаи тау-кен-металлургия комбинаты (Науаи қаласы) арасында жасалған 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 08/98-НВ келiсiм-шартқа сәйкес Алмалық тау-кен-металлургия комбинатына;
      "Нитро-Взрыв" акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы) мен Алмалық тау-кен-металлургия комбинаты (Алмалық қаласы) арасында жасалған 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 16/98-НВ келiсiм-шартқа сәйкес Алмалық тау-кен-металлургия комбинатына разрядты жүктердi транзиттеуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

 

министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмге

сәйкес жүктiң Қазақстан аумағы арқылы өтуiне қауiпсiздiк пен

бақылаудың ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып, тасымалды жүзеге

асырсын.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi

транзиттi тасымалдауға заңдарда белгiленген тәртiппен бақылауды

қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады