Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскесін "Зенит" зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 25 маусым N 603

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1997 жылғы 14 қазанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскесін "Зенит" зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы

 

келісім бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қарағанды облысының

әкімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісе

отырып, "Зенит" зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектерінің түсуінен заңды

және жеке тұлғаларға келтірілген зиянды өтеудің тәртібін айқындасын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                Қазақстан Республикасының Үкіметі

                 мен Украина Үкіметі арасындағы

         Қазақстан Республикасы аумағындағы жер  учаскесін

         "Зенит" зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері

          түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы

                            КЕЛІСІМ


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 71-құжат)

     (1998 жылғы 1 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 75 бет)


     Бұдан әрі қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Украина Үкіметі,


 
       Тараптардың 1994 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Украина Үкіметінің ғарыштық қызметті жүзеге асырудағы ынтымақтастығының қағидалары туралы Келісімге адалдықтарын растай отырып,
      екі мемлекеттің халық шаруашылығы мен ғылымының мүдделеріне ғарыш

 

кеңістігін тиімді зерттеу мен пайдалану үшін күштерді біріктірудің

қажеттігін мойындай отырып,

     төмендегілер жөнінде келісті:



                               1-бап


     1. Осы Келісім Қазақстан Республикасы аумағындағы Украина Тарапына

жалға берілген жер учаскесін пайдаланудың тәртібін анықтайды.

     2. Қазақстан Республикасы аумағындағы ось мөлшерлері 40х30 км эллипс

нысанындағы және

             о               о              о              о

        §ф=48 40'с.е.;   ф=48 54'с.е.;  ф=48 41'с.е.;  ф=48 27'с.е.

             о               о              о              о

         h=76 42'ш.б;    h=77 13'ш.б;   h=77 26'ш.б;   h=77 00'ш.б.


 
координаталы төртбұрыш ішіндегі жер учаскесін "Зенит" зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде пайдалана отырып 1998-1999 жж. ішінде 3(үш) рет ұшыруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Тарапы жалға береді, ал Украина Тарапы жалға алады.
      3. Өкілетті органдар Қазақстан Тарапынан: Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттігі; Украина Тарапынан Украинаның Ұлттық ғарыш агенттігі болып табылады.
 
                                2-бап
 
      1. Қазақстан тарапы адамдар мен малдарды эвакуациялау және оларды қайта қайтару үшін және жерлер мен су көздерін әрі қарай мақсатқа сай пайдалануға жарамды күйге келтіру үшін, сондай-ақ зымыран-тасығыштарының бөлінетін бөлшектері түсетін ауданда жерлер мен сулардың күйлерін әр ұшырудан кейін бағалау үшін қажет уақытты қоса алғанда әр ұшыруға 7(жеті) сөткеден аспайтын мерзімге жалға алу шарттарында Украина Тарапына жер учаскесін уақытша пайдалану құқығын береді.
      2. "Зенит" зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде пайдаланылатын жерлер жерді иеленушілер мен жерді пайдаланушылардан алынбайды. Бұл жерлерде осы Келісіммен көзделген ғарыштық үш ұшырудың әрқайсысы жүргізілгенде, олардың салдарларын жою уақытына жерді иеленушілер мен жерді пайдаланушылардың пайдалану құқықтары шектеледі.
 
                                3-бап
 
      1. Украинаның өкілетті органы кезекті ұшыру туралы Қазақстан Республикасының өкілетті органына және Қарағанды облысының Әкіміне 15 (он бес) сөткеден кешіктірмей мәлімдейді.
      2. Жалға алынған жер учаскесінің күйін бағалауды "Зенит" зымыран- тасығышын жіберу алдында және ұшырылғаннан кейін бірлескен комиссия жүзеге асырады. Комиссияның құрамына паритет негізінде қазақстан және украин тараптарының өкілдері кіреді. Комиссияның құрамын Тараптардың өкілетті органдары анықтайды.
      3. Жіберуге рұқсат Қазақстан Республикасының өкілетті органымен комиссияның ұсынысы негізінде беріледі.
 
                                4-бап
 
      Украина Тарапы Қазақстан Тарапына жер учаскесін "Зенит" зымырантасығыштарының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде пайдаланғаны үшін жалдық төлемді, келтірілген шығындарға, моральдық-психологиялық және экологиялық зияндарға, сондай-ақ жерлерді және су объекттерін әрі қарай мақсаттық бағытқа сәйкес пайдалануға жарамды күйге келтіру үшін компенсацияны қамтитын төлем жасайды, ал Қазақстан Тарапы барлық қажетті практикалық шараларды жүзеге асырады.
      Төлемнің мөлшерін, тәртібін және шарттарын Тараптардың өкілетті органдары Қарағанды облысының Әкімшілігімен бірлесіп кезекті ұшырудың басталуына дейін 45 күн бұрын анықтайды.
 
                                5-бап
 
      Украина Тарапы осы Келісімге қол қойылғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде Қазақстан Тарапына "Зенит" зымыран-тасығыштарының 1998-1999 жж. жоспарланған үш ұшырудың болжамды графигін беруге тиісті.
      Ұшырудың алдын-ала графигіндегі мерзімі өзгертілген жағдайда Украина

 

Тарапы ұшырудың мерзімі өзгертілгені туралы Қазақстан Тарапына бұрын

белгіленген ұшырудан 30(отыз) күннен кешіктірмей мәлімдейді.


                               6-бап


     Осы Келісімнің 4 бабында көзделмеген зиян келтірілген жағдайда

Украина 1972 жылғы 29 наурыздағы "Ғарыш объектілермен келтірілген залал

үшін халықаралық жауапкершілік туралы" Конвенцияға сәйкес жауапкершілікті

алады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы ұшырушы мемлекет ретінде

қарастырылмайды.


                               7-бап


     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар

келіссөздер арқылы шешілетін болады.


                               8-бап


     Осы Келісім Тараптардың өзара келісуі бойынша толықтырылулар мен

өзгертулер енгізілуі мүмкін.


                               9-бап



 
       Осы Келісім Украина Тарапының "Зенит" зымыран-тасығышының үш ұшыруын жүзеге асыруға қажет мерзімге жасалды және Тараптардың тиісті мемлекет ішілік процедураларды орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлімдемесінен кейін күшіне енеді.

 

     Келісімнің қолданысы Украина Тарапының "Зенит" зымыран-тасығышының

үшінші ұшырауын жүзеге асырғаннан және бірлескен комиссиясы актіге қол

қойғаннан кейін өздігінен тоқтатылады.

     Алматы қаласында 1997 жылдың 14 қазанында екі данада, әрқайсысы

қазақ, украин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндер

теңбе-тең болып табылады. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру бойынша

келіспеушілік туындағанда орыс тіліндегі мәтіннің басымдылығы болады.


        Қазақстан Республикасының              Украина

             Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады