Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 618

      Тәжiкстан Республикасында сел тасқынынан болған табиғи зiлзаланың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Тәжiкстан Республикасына табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан 50 (елу) мың АҚШ долларына

 

бара-бар сомада ақша қаражаты бөлiнiп көмек көрсетiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлген

қаражатты айырбасталымды етсiн және оларды Тәжiкстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының валюта шотына

аударсын.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады