Оңтүстiк Қазақстан облысының Мiрғалымсай кен орнын су басуының техникалық-экономикалық негiздемесiнiң әзiрлемесiн қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 622

      Мiрғалымсай кен орнын 13 көкжиектен жоғары су басуға жол бермеу және Кентау қаласының тұрғын үй қоры ауданында жерүстi қабатының қозғалуына байланысты туындауы ықтимал төтенше оқиғалардың алдын алу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше оқиғаларды жоюды қоса алғанда, төтенше оқиғалар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Мiрғалымсай кен орнын 13 көкжиектен жоғары су басуының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге және жерүстi қондырғыларының сақталуын қадағалау жөнiндегi шаралар кешенiн орындауға 10 (он) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады