Қостанай облысы Арқалық қаласының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 тамыздағы N 730

      Арқалық қаласының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қостанай облысының әкiмi:
      1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн белгiленген тәртiппен облыстық мәслихатқа Арқалық қаласының бюджетiне 150 млн. теңге сомасында субвенция бөлу мәселесi бойынша облыстың бюджетiне өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстар енгiзсiн;
      1998 жылдың 4 тамызына дейiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне Арқалық қаласының объектiлерiн күзгi-қысқы кезеңде жұмыс iстеуге дайындау үшiн қаржы ресурстарына деген қажеттiлiк бойынша негiздi есептемелер ұсынсын;
      Арқалық қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып, салық салынатын базаны ұлғайту, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төленетiн ақының заңды және жеке тұлғалардан толық жиналуы жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде жалақы жөнiндегi және Арқалық қаласының аумағында орналасқан республикалық мекемелердiң тұтынылған жылу энергиясы үшiн кредиторлық берешегiн 1998 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша өтесiн және оның өсуiне жол бермесiн.
      3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi 1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн Арқалық қаласының тұтынушылары алатын электр энергиясы үшiн тарифтердi төмендету жөнiнде тексеру жүргiзсiн және ұсыныстар енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi Қостанай облысының әкiмiмен бiрлесе отырып:
      1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде "Оңтүстiк электр жүйелерi" АҚ-ын, Арқалық қаласының ЖЭО-ын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      "Қазақстан алюминийi" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрге Қараторғай су тартушысын пайдалану мен жұмыс күйiнде ұстауды қоса қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      белгiленген тәртiппен Арқалық қаласы әуежайының банкроттық рәсiмiн жүргiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде Арқалық қаласы әуежайының қайта жұмыс iстеуiне тиiстi лицензия беру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      6. Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi, Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры, Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖҮАҚ-ы (келiсiм бойынша) Қостанай облысының әкiмiмен бiрлесе отырып Арқалық қаласының әкiмiне:
      шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн маркетинг, менеджмент, бизнес-жоспарлау, республиканың басқа аймақтарын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен және шетел фирмаларымен iскерлiк байланыстарды орнату мен дамыту саласында қызмет көрсету арқылы шағын кәсiпорындарға атаулы қолдау көрсетудi қамтамасыз ететiн қалалық инфрақұрылым құруда;
      Арқалық қаласының кәсiпорындары, оның iшiнде аймақтық кәсiпорындар үшiн инвестициялар, банктiк несиелер және өзге де қаржы ресурстарын, атап айтқанда, Азия Даму Банкiнiң және Еуропа Қайта жаңарту және Даму банкiнiң заемдарының қаражатын тартуда көмек көрсетсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесе отырып, 1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн Арқалық қаласының акциялардың мемлекеттiк пакеттерi бар кәсiпорындарын заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыруды және жекешелендiрудi жүргiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының Республикалық дирекциясы:
      1998 жылдың 10 тамызына дейiнгi мерзiмде мекемелердiң кредиторлық берешегiн 1998 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша өтесiн және оның өсуiн болдырмасын;
      1998 жылдың 15 тамызына дейiнгi мерзiмде Арқалық қаласының медициналық мекемелерi көрсететiн медициналық қызметтерге төлем тарифтерiн оларды ұлғайту жағына қарай қайта қарасын.
      9. Қостанай облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесе отырып, 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн бюджет қаржысын қысқарту үшiн облыстың денсаулық сақтау, бiлiм және мәдениет объектiлерiн ұтымды ету шараларын жүргiзсiн.
      10. "Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын шағын несиелендiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 ақпандағы N 103 P980103_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

 

     үшiншi абзац "Шығыс Қазақстан облысының оңтүстiк аймақтарында"

деген сөздерден кейiн "Қостанай облысының Арқалық қаласында" деген

сөздермен толықтырылсын.

     11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады