Атырау облысының Жаңа-Қаратон қалашығындағы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 6 тамыздағы N 750

      Атырау облысы Қаратон қалашығының тұрғындарын Каспий теңізінің су басу аймағынан көшіру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясына Жаңа-Қаратон қалашығындағы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды "Теңізшевройл" БК-ның Атырау қаласындағы темір жол эстакадасында экспортталатын мұнайды құю жөніндегі қызмет үшін борыштары бойынша, экспортталатын мұнайды тасымалдау жөніндегі тарифтің ауыспалы құрамдас қолданысынан түсетін 5330 (бес мың үш жүз отыз

 

мың) АҚШ долларына баламды сомадағы "Қазтрансойл" мұнайын тасымалдау

жөнінде Ұлттық компанияның 1997 жылдың 1 қаңтарынан 1998 жылдың 1

шілдесіне дейінгі кезеңдегі қаражатының есебінен жүзеге асыруға рұқсат

етілсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады