1998 жылғы құрғақшылықтан зардап шеккен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының Амангелді, Арқалық, Жангелдин және Қарасу аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚАУЛЫСЫ » 1998 жылғы 15 тамыз N 771

      Yстіміздегі жылдың құрғақшылықтың нәтижесiнде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының Амангелді, Арқалық, Жангелдин және Қарасу аудандарының көптеген ауыл шаруашылығы құралымдарында төтенше жағдай пайда болды. Қолайсыз зардаптарды жеңу және құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жәрдем көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне операциялық шығыстар бойынша берешекті өтеу және ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету үшін, көрсетілген мақсатқа арналып 1998 жылға көзделген қаражаттың шегінде, бюджеттік қаржының уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін;
      2)"Су ресурстарын мемлекетаралық пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген шығыстарды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамы бірінші кезекті тәртіппен жоғарыда көрсетілген облыстар мен аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың тиесілі қаражатын бөлсін.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
      1) мемлекеттік материалдық резервтерден астық жинау жұмыстары мен мал азығын дайындауды жүргізуге көмек ретінде, қайтарымсыз негізде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына әрқайсысына 10 мың тонна дизель отыны мен 2 мың тонна бензин, Қостанай облысына Амангелді, Арқалық, Жангелдин және Қарасу аудандары үшін - 2 мың тонна дизель отыны мен 500 тонна бензин бөлсін;
      2) мұнай және мұнай өңдеу компанияларымен және Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдерімен бірлесіп бұрын алынған мұнай өнімдері үшін берекшектерді кейінге қалдыру жөнінде қолайлы шешімдер қарастырсын және тапсын.
      4. Екінші деңгейдегі банктерге жоғарыда аталған аудандар мен облыстардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қоса қаржыландыру бағдарламасы жөніндегі жобаларын қарауды жеделдету ұсынылсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бірінші кезекті тәртіппен белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына:
      1) белгіленген тәртіппен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Қостанай облысының Амангелді, Арқалық, Жангелдин және Қарасу аудандары бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бұрын берілген астық қарыздары мен вексельдері жөніндегі берешектерін 1999 жылдың 1 желтоқсанына дейін кейінге қалдыру туралы мәселені қарасын;
      2) белгіленген тәртіппен 1998 жылдың күзгі және 1999 жылдың көктемгі егісін қамтамасыз ету үшін астық дақылдарының тұқымдарын дайындауды жүзеге асырсын.
      6. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен, Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттігімен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетімен, "Азық-түлік корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен, "Шағын несие" ғылыми-өндірістік бірлестігімен және кәсіподақ ұйымдарымен (келісім бойынша) бірлесіп облыстық деңгейде мемлекет бөлген көмектердің объективті және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің борыштарын кейінге қалдыру, жергілікті жерлерде құрғақшылықтың зардаптарын жою жөнінде шаралар әзірлеу жөнінде комиссиялар құрсын.
      7. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстардың әкімдері:
      1)астық жинауды, мал азығын дайындауды қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдасын, өнімділігі төмен алаптардың өнімін жинаудың экономикалық дұрыстығының өлшемдерін белгілесін және шаруашылық жүргізуші субъектілерге тиісті ұсынымдар жеткізсін;
      2) бөлінген материалдық және қаржы қаражаттарының ауыл шаруашылығы

 

тауар өндірушілеріне уақтылы жеткізілуін және олардың мақсатты

пайдаланылуын қамтамасыз етсін;

     3) құрғақшылық жылдардың мүмкін болатын қайталануын ескере отырып

ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымдарын оңтайландыру жөнінде жұмыстар

жүргізсін;

     4) қысқы кезеңде селода инфрақұрылымдар объектілерінің жұмыс істеуіне

айрықша көңіл бөлсін, жекелеген аудандар халқының азық-түлік және

өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етілуін бақылауға алсын.

     8. Осы қаулының іске асырылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа жүктелсін.



      Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады