1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 қыркүйек N 919

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703  қаулысының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін. (қоса беріліп отыр). 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша): 
      1998 жылдың 23 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Комитеттің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін; 
      бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Үкіметінің 1998 жылғы
                                         18 қыркүйектегі
                                         N 919 қаулысымен
                                         бекітілген
 
             Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
       бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
____________________________________________________________________
N|          Атауы                          |   1998 жылы |1999 жылға
 |                                         | қаржыландыру| арналған 
 |                                         |   нысаны   қаржыландыру
 |                                         |             |  нысаны 
_|_________________________________________|_____________|_________
2|Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік         |             |
|Республикалық деңгейдегі әкімшілік       | Ұстауға     |Ұстауға
|шығыстар                                 |             |
| Орталық органның аппараты               |             |
| Аумақтық органдардың аппараты           |             |
|Мемлекеттік органдарды үкіметтік байланыс.|            |
|пен қамтамасыз ету                        |            |
|       Мемлекеттік мекемелер              |            |
| Үкіметтік байланыс агенттігі             | Бұл да     | Бұл да
|Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету       |            |
|     Мемлекеттік мекемелер                |            |
| "А" қызметі                              | Бұл да     | Бұл да
4|Білім беру                                |            |
 |Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары оқу |            | 
 |орындарында кадрларды даярлау             |            |
 | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институты |            |
 | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды |            |
 |жоғары мектебі                            |            |
 |Республикалық деңгейде орындалатын        | Бұл да     Көрсетілген
 |мемлекеттік тапсырыстар                   |            |қызметтер 
 | Ұлттық қауіпсіздік саласында жоғары оқу  |            |үшін
|орындарында кадрларды даярлау             |            |        
5|Денсаулық сақтау                          |            |
 |Жалпы мақсаттағы емханалар                |            |
 |   Мемлекеттік мекемелер                  |            |
 | Республикалық емхана                     |Бұл да      |Ұстауға  
_|__________________________________________|____________|__________  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады