Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 қыркүйек N 930


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы
азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 

          Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан
            Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан
              Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы
             азаматтарының визасыз жол жүрулерi туралы
                              КЕЛIСIМ 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 5, 87-құжат)
    (1998 жылғы 7 қазанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 68 бет) 

     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi,


      мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды бұдан әрi дамыту, олардың азаматтарының жол жүрулерiн құқықтық реттеу мақсаттарында
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

                                1-бап

      Бiр Тарап мемлекетi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша визасыз, осы мемлекеттегi iс жүзiндегi болу және тiркелу ережелерiн сақтай отырып, осы Келiсiмге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар бойынша келуге, кетуге және жол жүруге құқықтары бар.
      Тараптар мемлекеттерi азаматтарының жол жүрулерi Қазақстан Республикасы және Әзiрбайжан Республикасы мемлекеттiк шекараларындағы өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.

                                2-бап

      Тараптардың үшiншi мемлекеттер аумағында тұрғылықты тұратын азаматтары визасыз осы Келiсiмге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттар бойынша келе, кете және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жол жүре алады.

                                3-бап

      Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарын шетелге шығуға және үшiншi мемлекеттерге келуге күшi бар құжаттар бойынша үшiншi мемлекеттерге мемлекеттiк шекарадағы халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы өткiзуге мiндеттенедi.
      Тараптар кетулерi Тараптардың кез келгенiнiң құзыреттi органдарымен шектелген азаматтардың өз мемлекеттерi аумақтарынан үшiншi мемлекеттерге кетулерiн болдырмау шараларын қабылдайды.
      Тараптар бiр-бiрiн азаматтардың өзара жол жүрулерiнiң тәртiбi мен режимi туралы үшiншi елдермен іс жүзiндегi келiсiмдерi туралы ақпараттандырып отырады.

                                4-бап

      Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiн жеке басын және азаматтығын куәландыратын жаңа құжаттар туралы кешiктiрмей хабардар етiп және олардың үлгiлерiн жолдап, сондай-ақ осы Келiсiмге 1-шi және 2-шi Қосымшаларда көрсетiлген құжаттарға қатысты өзгерiстер туралы мәлiмдеп отырады.

                                5-бап

      Егер бұл мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау үшiн қажет болса, Тараптардың әрқайсысының осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толығымен немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.
      Тараптар осындай шараларды қабылдау туралы және болдырмау туралы 30 күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы бiр-бiрiне мәлiмдеуге тиiс.

                                6-бап

      Тараптардың осы Келiсiм ережелерiн немесе Тараптар мемлекеттерi аумағында болу және тiркелу ережелерiн бұзған азаматтары Тараптардың заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетке қайтарылуы тиiс.
      Болу ережелерiн бiрнеше рет бұзулар Тараптардың iз жүзiндегi заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеуi мүмкiн.

                                7-бап

      Тараптар қажет болған жағдайда осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға байланысты мәселелер бойынша ақпараттармен алмаса және кеңесе алатын болады.
      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзе алады.

                                8-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажет тиiстi iшкi мемлекеттiк

процедуралардың орындалғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша
ноталар алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
     Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды. Егер Тараптардың
ешқайсысы осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмiнiң аяқталуынан алты ай
бұрын оның тоқтағаны туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде
мәлiмдемесе, оның қолданысы келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен
ұзартылатын болады.
     1997 жылы 10 маусымда Алматы қаласында екi данада, әрқайсысы
қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық
мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары
пайда болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа
алады.

     Қазақстан Республикасының       Әзiрбайжан Республикасының
          Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн


                             Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
                             Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi
                             арасындағы Қазақстан Республикасы мен
                             Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының
                             визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге
                                          I Қосымша

          Қазақстан Республикасы азаматтарының Әзiрбайжан
           Республикасының аумағы бойынша келу, кету және
                       жол жүру құжаттарының
                               ТIЗIМI

     1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басының куәлiгi.
     2. Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспорты.


      3. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар

бұрынғы КСРО-ның мерзiмi бейнеленген 1974 жылғы үлгiдегi паспорт.
     4. Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығы туралы
белгiсi бар жеке басының уақытша куәлiгi.
     5. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн).
     6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi офицерiнiң жеке
басының куәлiгi.
     7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщигiнiң
(мичманының) жеке басының куәлiгi.
     8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери
қызметшiсiнiң әскери билетi.
     9. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
     10. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтiк паспорты.
     11. Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң паспорты.
     12. Қазақстан Республикасы әуе кемесiнiң экипаж мүшесiнiң
куәлiгi (экипаж құрамында ұшу кезiнде).
     13. Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi қызметкерiнiң
жеке басының куәлiгi (поезд бригадаларының жол жүруi кезiнде).
     14. Қазақстан Республикасына қайтуға куәлiк (тек қана Қазақстан
Республикасына қайту үшiн).

                             Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
                             Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi
                             арасындағы Қазақстан Республикасы мен
                             Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының
                             визасыз жол жүрулерi туралы келiсiмге
                                          2 Қосымша

          Әзiрбайжан Республикасы азаматтарының Қазақстан
           Республикасының аумағы бойынша келу, кету және
                       жол жүру құжаттарының
                               ТIЗIМI



      1. Әзiрбайжан Республикасы азаматының нотариалдық куәландырылған аудармасы бар жеке басының куәлiгi.
      2. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар бұрынғы КСРО азаматының паспорты.
      3. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы белгiсi бар бұрынғы КСРО азаматының тууы туралы куәлiгi (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн).
      4. Әзiрбайжан Республикасы азаматының тууы туралы нотариалдық куәландырылған аудармасы бар куәлiгi (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн).
      5. Әзiрбайжан Республикасы Қарулы Күштерi офицерлерiнiң жеке басының нотариалды куәландырылған аудармасы бар куәлiгi.
      6. Әзiрбайжан Республикасы Қарулы Күштерi прапорщигiнiң (мичманының) жеке басының нотариалды куәландырылған аудармасы бар куәлiгi.
      7. Әзiрбайжан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiсiнiң нотариалды куәландырылған аудармасы бар әскери билетi.
      8. Әзiрбайжан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
      9. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы жазбасы бар бұрынғы КСРО азаматының дипломаттық паспорты (1997 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi).
      10. Әзiрбайжан Республикасы азаматының қызметтiк паспорты.
      11. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы жазуы бар бұрынғы КСРО азаматының қызметтiк паспорты (1997 жылғы 31 желтоқсанға дейiн).
      12. Әзiрбайжан Республикасы азаматының жалпы ұлттық паспорты.
      13. Әзiрбайжан Республикасының азаматтығы туралы жазбасы бар бұрынғы КСРО азаматының шетелдiк паспорты (қолданыс мерзiмiнiң аяқталуына дейiн).
      14. Әзiрбайжан Республикасы теңiзшiсiнiң кiтапшасы (кеме рөлi немесе одан үзiндi болған кезде).
      15. Әзiрбайжан Республикасы әуе кемесiнiң экипаж мүшесiнiң куәлiгi (экипаж құрамында ұшу кезiнде).
      16. Әзiрбайжан Республикасы темiр жол көлiгi қызметкерiнiң жеке басының куәлiгi (поезд бригадаларының жол жүруi кезiнде).
      17. Әзiрбайжан Республикасына қайтуға куәлiк (тек қана Әзiрбайжан Республикасына қайтуға арналған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады