Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасына келу үшін визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 15 қазан N 1042

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1997 жылғы 2 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасына келу үшін визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы келісімді бекіту туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен   Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі  арасындағы Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасына  келу үшін визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы
КЕЛІСІМ

(2006 жылғы 11 шідеде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі қарай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ташкент қаласында 1995 жылғы 1 қарашада болып өткен сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес
      мына төмендегілер жөнінде келісті:

1-бап

      Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасының аумағына келу үшін шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру жөніндегі өкілеттіктерін - осы елдерде Қырғыз Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының үшінші бір елдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне, сондай-ақ Қырғыз Республикасына келуге визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін - Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пунктіне береді.

2-бап

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері Қырғыз Республикасының шет елдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері осындай мәліметтер алынғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей Қырғыз Республикасының Сыртқыісминіне Қырғыз Республикасы азаматтарының өздері барған елінде ұсталу және тұтқындалу фактілері туралы хабарлайды.

3-бап

      Қазақстан Республикасының үшінші бір елдердегі дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пункті Қырғыз Республикасына жол жүріп бара жатқан шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға 1 айға дейінгі мерзімге визалардың барлық санаттары мен түрлерін береді.
      Ерекше жағдайларда Қырғыз Республикасының Сыртқыісмині Консулдық басқармасының растауы бойынша визалар 1 жылға дейінгі мерзімге беріле алады.

4-бап

      Қырғыз Республикасына қызмет бабы бойынша бара жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар берудің негізі - Қырғыз Республикасы Сыртқыісминінің Консулдық басқармасының немесе оның агенттігінің растауы, ал жеке істер бойынша - Қырғыз Республикасының Ішкіісмині арқылы ресімделген, белгіленген үлгідегі шақыру болып табылады.

5-бап

      Қазақстан Республикасының үшінші бір елдердегі дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пункті Қырғыз Республикасы Сыртқыісминінің визалық қолдауы алынған күннен 7 жұмыскүнінен кешіктірмей визалар беруді жүзеге асырады.

6-бап

      Қырғыз Республикасына келу үшін виза алған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағында транзитпен 72 сағат бойы болуға құқылы. Осы мерзім өтіп кеткен жағдайда олар белгіленген тәртіпте қазақстандық транзиттік визаны ресімдеуге тиіс.

7-бап

      Консулдық алымдар мен нақты шығыстар Қазақстан РеспубликасыныңКонсулдық алымдар тарифіне сәйкес алынады.

8-бап

       Қазақстан Республикасының Сыртқыісминіне шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерден, консулдық мекемелерден және ҚР Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пунктінен түсетін консулдық алымдардың сомасы осы Келісімге сәйкес әрбір Тарапқа 50 проценттен деген есеп бойынша Министрліктер арасында бөлінуге тиісті.
      Нақты шығындарды өтеу шотына түскен қаржылар Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің шотына толығымен есептеледі.

9-бап

      Қазақстан Республикасының Сыртқыісмині осы Келісімге сәйкес тоқсан сайын берілген визалардың саны мен Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінен, консулдық мекемелерінен және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пунктінен түскен консулдық алымдар сомасы туралы Қырғыз Республикасының Сыртқыісминіне мәліметтер тапсырады.

10-бап

      Қазақстан Республикасының Сыртқыісмині өзаралық негізінде қажет болған жағдайда Қырғыз Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне визалық қолдау көрсетуді жүзеге асыра алады.

11-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді жазбаша хабарлау жолымен бұза алады. Мұндай бұзу екінші Тараптың нотасы алынғаннан кейін алты ай өткен соң өз күшіне енеді.

12-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша ноталар алмасу жолымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

13-бап

      Тараптар арасында осы Келісім жөнінде туындауы мүмкін барлық даулар келіссөздер мен консультациялар жолымен шешілетін болады.

14-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлімдеме алынған күннен бастап күшіне енеді.

___________________қаласында 1996 жылғы "___"_________________ 2 дана етіп, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің де күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының               Қырғыз Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі               Сыртқы істер министрлігі
              үшін                                   үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады