Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту жөніндегі Алматы Декларациясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық халықаралық конференциясын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 9 қараша N 1142

      Денсаулық сақтаудың басымдықты бағыттарын, бірінші кезекте бастапқы буынын дамытудың маңыздылығы мен төтенше көкейкестілігін ескере отырып, "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 U983956_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 16, 135-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен келісім бойынша 1998 жылдың 27-28 қарашасында Алматы қаласында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту жөніндегі Алматы Декларациясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық халықаралық конференциясын өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетілген шараны өткізу үшін Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігіне қаржы қаражатын 1998 жылға арналған республикалық бюджеттегі денсаулық сақтауға бөлінген қаржы шеңберінде бөлсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп

 

пен конференцияға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі

шараларды жүзеге асырсын.

     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі конференцияға

қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады