Байланыс формасы

"Қазақ автомобиль жолы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 9 желтоқсан N 1266. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.12. N 227 қаулысымен.

       Республиканың жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын қаржы- экономикалық сауықтыру және оны басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорындары мен "Инжирингавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен "Қазақ автомобиль жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      Кәсіпорынның орналасатын жері Астана қаласы болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
     3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
     1) жол саласындағы мердігерлік қызметтердің барлық түрлеріне
тапсырысшының функцияларын жүзеге асыру;
     2) есеп беретін құрылымдардың жұмыстарын орындауына және қаржы-қаражатын жұмсауына бақылау жасау;
     3) бар автожол желілерінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету болып белгіленсін.
     4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
     1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
     2) Кәсіпорынның басшысын тағайындасын және онымен келісім-шарт жасассын;
     3) Кәсіпорынның облыстарда және Алматы қаласында филиалдар құруын қамтамасыз етсін;
     4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 1999 жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын перспективалық дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат):
      3-тармақтың екінші абзацындағы "автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорындары" деген сөздер "Қазақ автомобиль жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
     реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "71. "Қазақ автомобиль жолдары"
          республикалық мемлекеттік
          қазыналық кәсіпорны                     Астана қаласы";
     реттік нөмірі 72-90-жолдар алынып тасталсын;
     3) <*>
     Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355 қаулысымен .
     6. Көлік және коммуникациялар министрлігі Әділет министрлігімен бірлесіп Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады