Байланыс формасы

Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1316 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдарын оңтайландырудың жүргізілуіне және олардың қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына ауыстыру тәртібімен басқа жерлерден жұмысқа қабылданған қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736-56 қаулылары қолданылатын болсын.
      Аталған қызметкерлерге, мемлекеттік органдарда құрылған Комиссиялар шешімдерінің негізінде, Алматы қаласынан көшіп келген қызметкерлерге арнап бөлінген лимиттің шеңберінде ведомствоішілік бөлуден жұмсалмай қалған бюджеттік несие болған жағдайда, тұрғын үйін сатып алуы үшін бюджеттік несие берілуі мүмкін.
      2. Астананың әкімі Тұрғын үй департаментінің мемлекеттік органдар орталық аппараттарының өздеріне берілген қызметтікке теңестірілген тұрғын үйін бюджеттік несиенің есебінен сатып алатын қызметкерлеріне құқық белгілейтін құжат ретінде сатып алу шартын беруін қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567
               қаулысымен. P010567_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алдағы қаржы жылында 1998 жылдың республикалық бюджетінен мемлекеттік органдар орталық аппараттарының қызметкерлеріне бюджеттік несие беруге арнап бөлінген және қызметкерлерге қызметтікке теңестірілген тұрғын үйлердің берілмеуіне байланысты бөлінбей қалған сомалардың мақсатқа сай пайдаланылуына мүмкіндік берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджет ақшасының есебінен тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ салу мен алуға несие берудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысына:
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджет ақшасының есебінен тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ салу мен алуға несие берудің тәртібі туралы ережеде:
      2-тармақтағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақта:
      екінші абзацтағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац "оның бір данасы қызметкерге беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Астана қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкері мен жұмыс беруші мемлекеттік органның арасындағы шартқа (келісім-шартқа) үлгілік қосымша келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 742-57 қаулысына:
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Астана қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкері мен жұмыс беруші мемлекеттік органның арасындағы шартқа (келісім-шартқа) қосымша келісімде:
      1.2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін" деген сөздер "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджет ақшасының есебінен тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ

 

салу мен алуға несие берудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысында көзделген" деген

сөздермен ауыстырылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады