Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 29 желтоқсан N 1357. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. N 137 қаулысымен. ~P000137

      Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарына қолдау көрсету және олардың тауарларының бәсекелестік қабілетіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 P980608_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға ескерту мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерде (саудада жанама

салықтар "баратын елі" принципі бойынша алынатын мемлекеттерден басқа) 
шығарылатын және әкелінетін, қазақстандық шикізаттан өндірілгендерін 
қоспағанда, бағалары әкелінетін тауарлар үшін Қазақстан Республикасында 
белгіленгеннен төмен акциз ставкаларын қолдану арқылы қалыптасқан 
акцизделетін тауарлар бойынша (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 270 - 2710 00 360, 
2710 00 610 - 2710 00 690) акциз ставкаларындағы айырмашылық бойынша 
алынады."
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Нарбаев Е.    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады