Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 393a

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне бiр жылдық оқу циклына (1998/1999) оқу жылы 12 адам санында және екi жылдық оқу циклына (1998/2000 оқу жылы) 20 адам санында тыңдаушылар қабылдау жариялансын.
      Қабылдау Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi аппараттарының, Жоғары Сот және республиканың өзге де соттары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Орталық сайлау комиссия аппараттарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерiнiң, Ұлттық және мемлекеттiк банктердiң, олардың органдары мен бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiнiң, мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк қызмет проблемаларымен шұғылданатын ғылыми қызметкерлер мен аспиранттардың арасынан конкурстық негiзде жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары

 

Мемлекеттiк Басқару Мектебiне оқуға ақылы негiзде оқыту үшiн 12

қосымша тыңдаушыны мемлекеттiк кәсiпорындар, өндiрiстiк кооперативтер,

шаруашылық серiктестiктерi, коммерциялық емес ұйымдар мен басқа да

мемлекеттiк емес сектор өкiлдерiн қабылдауға рұқсат етiлсiн.

     Тыңдаушыларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша, ал

ақылы түсушiлер әңгiмелесу нәтижелерi бойынша конкурстық негiзде

жүзеге асырылсын.


       Қазақстан Республикасы

        Премьер-Министрiнiң

         мiндетiн атқарушы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады