Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына берілетін разрядты жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 қаңтар N 4

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына көмір өндіру және өткізу жөніндегі "Көмір" акционерлік бірлестігі (Ташкент қаласы) үшін берілетін разрядты жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитіне:
      1) 1997 жылғы 22 қазандағы N НВЗ-5/98-00159516 шарт бойынша "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамына (Мәскеу қаласы);
      2) 1998 жылғы 10 сәуірдегі N 20 келісім-шарт бойынша 300 тонна көлемде "Знамя" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына (Кисилевск қаласы);
      3) 1998 жылғы 18 ақпандағы N 413/98 келісім-шарт бойынша "Искра" Новосібір механикалық зауытына (Новосібір қаласы) рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Достастыққа қатысушы мемлекеттер Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі он бесінші мәжілісінде бекітілген Қауіпті жүктерді темір жол бойынша тасымалдаудың ережелеріне сәйкес жүктің Қазақстанның аумағы бойынша өтуінің қауіпсіздігі мен оған бақылау жасаудың ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен транзиттік тасымалдауларға

бақылау жасауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Қасымбеков Б.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады