"Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 5 қаңтар N 7

      "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын ("МАЭК" РМК) қаржы-экономикалық сауықтыру, төлем қабілетін қалпына келтіру және оның рентабельділігіне қол жеткізу және тұтастай алғанда аймақтың проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің "МАЭК" РМК-на қатысты оңалту рәсімін жүргізу туралы "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына жіберген ұсынымы мақұлдансын.
      2. "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына:
      1) заңдарда белгіленген тәртіппен "МАЭК" РМК кредиторларының комитетін шақыру, оның мақұлдауына оңалту жоспарын және "Маңғыстау өнеркәсіп компаниясы" ашық акционерлік қоғамын оңалтушы басқарушының кандидатурасы ретінде ұсыну;
      2) оңалту жоспары және кредиторлар комитетін оңалтушы басқарушының кандидатурасы мақұлданған жағдайда оңалту рәсімдерін жүргізу туралы өтінішті сот органдарына жіберу ұсынылсын.
      3. Сот "МАЭК" РМК-да оңалту рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда оңалтушы басқарушыға:
      1) "МАЭК" РМК-да оңалту рәсімін жүргізу үшін қажетті шаралар қабылдау және шаралар кешенін әзірлеу;
      2) "МАЭК" РМК-ның кредиторлық және дебиторлық берешегін қайта құрылымдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) дебиторлық берешекті анықтау мен қайтару жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып "МАЭК" РМК-ның 1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттен тыс қорларға төлемдер және жалпымемлекеттік салықтар бойынша берешегін төлеудің мерзімін ұзарту жөніндегі мәселені шешсін.
      5. "Маңғышлақ атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттік

 

кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998

жылғы 13 мамырдағы N 432 


P980432_


  қаулысының күші жойылған деп танылсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Нарбаев Е.   






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады