Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы N 36 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы тараумен және реттік нөмірі 473-жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
     473 Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Банкінің шаруашылық жүргізу
     құқығындағы "Қазақстан монет
     сарайы" республикалық
     мемлекеттік кәсіпорны                  Өскемен қаласы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады