Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметінің арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 наурыз N 318

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1993 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметінің арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы
мәдени ынтымақтастық туралы
Келісім

(1999 жылғы 7 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі туысқан халықтар арасында мәдени қарым-қатынастар мен достықты нығайту, мәдени, ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту мақсатында төмендегі келісімді жасады.

І Бап

      Келісуші Жақтар, барлық мүмкін болатын тәсілдерді қолдана отырып, бір-бірінің заңдары теңдігін сақтау және құрметтеу негізінде екі ел арасында мәдени қарым-қатынастарды кеңейтуге, өз елінің халқын екінші жақтың мәдениетімен таныстыруға ұмтылады.

ІІ Бап

      Келісуші Жақтар, мәдениет, ғылым, техника, білім мен өнер басқа да салалардағы өзара ынтымақтастықты көтермелеп, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегідей шараларды іске асырады:
      а) кітап, басылым, сурет, слайдтар, кассеталар, фильмдер мен микрофильмдер алмасу; білім, тарих, мәдениет, өнер, археология, сәулет өнері, этнография, туризм, дәстүрлі өнер мен сауатсыздыққа қарсы күрес салаларында мамандармен алмасу;
      ә) өзара мүдделі болып отырған мәдениет, ғылым және өнер салалары бойынша делегациялармен алмасу;
      б) мәдениет, фильмдер, конференциялар Апталығын және поэзия кештерін өткізу;
      в) әр түрлі көрмелер, соның ішінде кітап және бейнелеу өнері шығармаларының, дәстүрлі және қолөнер бұйымдары көрмелерін өткізу, сондай-ақ ғылыми, ұлттық және халықаралық көрмелер мен фестивальдерге қатысу;
      г) екі елдің ұлттық кітапханалары мен архивтері арасында қарым-қатынас жасау;
      д) өздерінің оқу құралдарында пайдалы және нақты анықталған материалдар мен екінші елдің тарихы, мәдениеті мен географиясы бойынша мәліметтер жариялау;
      е) полиграфия, баспа саласында ынтымақтастық жасап және бұл салада қажетті ықпал тигізу;
      ж) ұлттық киностудиялар арасында ынтымақтастық жасап, кинофильмдер ден бейнелеу өнерінің басқа да шығармаларын алмасу;

ІІІ Бап

      Келісуші Жақтар бір-бірінің қазіргі заңдары шеңберінде екі елдегі университеттер, ғылыми зерттеу мекемелері, оқу орындары, мәдени, көркемөнер орталықтары арасындағы ынтымақтастықты ынталандырып отырады.

IV Бап

      Келісуші Жақтар білім және өнер қайраткерлері саласында ұстаздар, зерттеушілер, ғалымдар, мұғалімдер, мамандар алмасуды көтермелеп, олардың жол жүруіне ықпалын тигізіп отырады.

V Бап

      Келісуші Жақтар өз елдерінде өтетін ұлттық және халықаралық ғылыми, білім беретін, зерттеу, мәдени және көркемөнер конференциялары, симпозиумдары, конкурстары, фестивальдері, спорт жарыстары туралы бір-бірін хабарландырып, екінші жақты шақырғанда, оның өкілдерінің қатысуына көмектеседі.

VI Бап

      Келісуші Жақтар өз мүмкіндіктеріне орай, екінші жақ ынталы болып отырған салалар бойынша оқу, техникалық және профессионалдық стипендиялар беруді жүзеге асырады.

VII Бап

      Келісуші Жақтар екінші жақтың ұлттық және діни үрдістерін сыйлай отырып, бір-бірінің радио, теледидар, кинематографиялық, баспа және информациялық ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа көмектеседі және хабар, тәжірибе мен мамандар арасында алмасуға ықпал тигізіп, өкілдіктер ашу үшін қажетті шаралар қолданады.

VIII Бап

      Келісуші Жақтар өз елдерінде мәдени орталықтар мен қоғамдардың ашылуын келісіп алып, ол үшін керекті жағдай жасайды.

IX Бап

      Келісуші Жақтар бір-бірінің оқу орындары мен мектептері және ғылыми куәліктерінің шарттары мен баға критерийлерін қарастырады.

Х Бап

      Келісуші жақтар екі елдің спорт ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты ынталандырады, спорт командалары арасында достық жарыстарды өткізу үшін жағдай жасап, жаттықтырушылармен алмасуға және олар мүдделі болып отырған салалары бойынша жұмысқа тартылуына көмектеседі.

ХІ Бап

      Келісуші Жақтар халықтар арасындағы өзара түсінушілікті бекітдің нәтижелі тәсілі ретінде екі ел арасында туризмді көтермелейді.

ХІІ Бап

      Келісуші Жақтар бір-бірінің тілі мен әдебиетін таратуға мүмкіндік туғызады және бұл үшін барлық көмегін көрсетеді.

ХІІІ Бап

      Келісуші Жақтар осы Келісімді және екі елдің мәдени ынтымақтастығына қатысты барлық шаралардың орындалуына көмектесу мақсатында бір-біріне мәдениет өкілдерін жіберетін болады және бұл үшін барлық көмегін тигізеді.

XIV Бап

      Осы Келісімді орындау мақсатымен Келісуші мәдени алмасу бағдарламасын жасауға кіріседі және оның жүзеге асуы үшін бір-бірінің қарауына қажетті құралдар мен мүмкіндіктерді туғызады.

XV Бап

      Келісуші Жақтар өзінің заңдарына орай осы келісімді бекітеді және бұл келісім екі жақтың соңғы ресми жазбаша хабарландырылған кезінен бастап өз күшіне енеді.

XVI Бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін, 5 жыл мерзімге күшін сақтайды, егерде екі Жақтың біреуі келісім мазмұнын қайта қарау немесе бұзу туралы ойын келісілген мерзімнен 6 ай бұрын хабарламаса, бұл мерзім аяқталған соң, өздігінен тағы да 5 жылға ұзартылады.

      Келісім 1993 жылдың сәуір айының 17 күні Алматыда, 3 дана болып, парсы, қазақ, ағылшын тілдерінде бекітіледі. Үш тілдегі текстің күші бірдей.

      Осы Келісімді түсіну, басшылыққа алу барысында туындаған дау-таластар кезінде ағылшын тілі басымдыққа ие болады.

      Қазақстан Республикасының          Иран Ислам Республикасының
           Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

      Оқығандар:
      Омарбекова А.
      Қобдалиева Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады