Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына берілетін детонаторлайтын бауды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 сәуір N 367.

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 23/99-НВ келісім-шартқа сәйкес "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) "Parmalash portlatish va mahsus ishlar bajaruvchi tresti" тресіне (Ташкент қаласы) беретін 840 мың метр мөлшеріндегі детонаторлайтын бауды (ДШЭ-12 МЕМСТ 6196-78) Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Локоть және Шеңгелді шекарадан өту станциялары арқылы транзиттеуге рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі он бесінші отырысында бекітілген темір жолмен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес Қазақстан аумағы бойынша жүктің жылжуына қауіпсіздік пен бақылаудың айрықша шараларын қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге

     

      асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

      комитеті транзиттік тасымалдауларды заңдарда белгіленген тәртіппен

      бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.

      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады