Қырғыз Республикасынан Словак Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы авиациялық техника мен авиациялық-техникалық мүлікті транзиттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 сәуір N 368

      "Қару-жараққа, әскери-техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1997 жылғы 31 қазандағы N 23 келiсiм-шарт бойынша "Джой Словакия" компаниясына (Словак Республикасы) Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi беретін, қосымшаға сәйкес, авиациялық техника мен авиациялық-техникалық мүлiктi Қырғыз Республикасынан Словак Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдаудың орындалуын белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi авиациялық техника мен авиациялық-техникалық мүлiктiң

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдануын

белгіленген тәртiппен бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                             Қазақстан Республикасы

                             Үкіметінің 1999 жылғы

                              6 сәуірдегі

                             N 368 қаулысына

                                   қосымша


       Қырғыз Республикасынан Словак Республикасына

     Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол

     көлігімен тасымалдауға жататын авиациялық техника

          мен авиациялық-техникалық мүліктің

                         Тізбесі


     "Луговая" кеден бекеті - "Озинки" кеден бекеті бағыты бойынша:


     1. Л-39 оқу-жаттығу ұшағы                   19 бірлік

     2. МиГ-29 жерүсті макет-тренажері           3 бірлік

     3. УТИ МиГ-5 ұшағының макеті               1 бірлік

     4. МиГ-7 ұшағының макеті                   1 бірлік

     5. Як-18 ұшағының макеті                    1 бірлік

     6. МиГ-23Б жерүсті макет-тренажері          1 бірлік

     7. Поршеньді авиадвигательдің оқу-кесінді

        макеті                                   3 дана

     8. Л-39 ұшағына арналған Аи-25ТЛ

        авиадвигателі                            7 дана

     9. Л-39 ұшағына арналған "Сапфир-5" ұшыру   2 дана

        агрегаты                

     10. УПС-16 палаткасы                        1 дана

     11. УПС-15 палаткасының тірегі              1 дана



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М

    Омарбекова А.Т.      








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады