Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 сәуір N 392. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысымен ~P041119

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" бөлімі мен реттік нөмірі 408-жол алынып тасталсын; 
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-7-жолмен толықтырылсын: 
      "25-7 "Есеп" республикалық 
      мемлекеттік кәсіпорны 
      (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы"; 
      2)<*> 
      3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207  қаулысына :
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына:
      "Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармасы";
      "Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі басқарма" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті";
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Есеп" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны".
      ЕСКЕРТУ. 1-тармағындағы 2)-тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.07.23. N 1046 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1279  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 372-құжат) күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады