"Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 сәуір N 410

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарыныңзейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                              Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының
зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы келісімді бекіту туралы

      1. 1996 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісім бекітілсін.
      2. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы
тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері
туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
Келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталады,

      "Байқоңыр" космос айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келісімді және "Байқоңыр" кешенін жалға беру туралы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Шартты негізге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласы (бұрынғы Ленинск қаласы) тұрғындарының зейнетақы алу құқығын қорғау қажеттілігін ескеріп,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепілдіктері туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы Келісімді зейнетақымен қамсыздандыру саласында сақтаудың маңыздылығын түсініп,
      мыналар туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсатында:
      а) «өкілетті орган» термині:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры, дегенді білдіреді;
      б) "Байқоңыр қаласының тұрғындары" термині - Байқоңыр қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, Ресей Федерациясының азаматтары, үшінші бір мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар дегенді білдіреді.
      в) "еңбек (сақтандыру) стажы" термині – зейнетақы алу құқығын айқындау кезінде Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының заңнамасына сәйкес ескерілетін еңбек қызметі кезеңі.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 820 Қаулысымен.

2-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыруды, аталған адамдар үшін жұмыс берушілер төлейтін міндетті сақтандыру жарналарын жинап, шоғырландыруды Қазақстан жағының құзыретті органы табыстайды, ал Ресей жағының құзыретті органы өзіне қабылдайды.

3-бап

     Байқоңыр қаласының тұрғындары зейнетақымен Ресей Федерациясы заңдарының нормалары бойынша қамсыздандырылады. Зейнетақы Ресей рублімен төленеді.
      Зейнетақы алу құқығын, соның ішінде жеңілдікті негіздігі және еңбек сіңірген жылдар үшін берілетін зейнетақыны алуды белгілеу үшін зейнетақымен қамтамасыз ету саласында 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының құқықтары туралы Келісімге қатысушы мемлекеттердің кез-келгенінің аумағында, сондай-ақ осы Келісім күшіне енгізілгенге дейінгі бұрынғы КСРО аумағында істеген еңбек (сақтандыру) стажы ескеріледі.
      Жалақы (табыс) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрінде төленген жағдайда оның мөлшері Ресей Федерациясының Орталық банкі зейнетақы тағайындалған (қайта есептелген) сәтте ресми түрде белгілеген валюта бағамына сүйене отырып белгіленеді.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.21  № 820 Қаулысымен.

3-1-бап

      Ескерту. Келісім 3-1-баппен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.21  № 820 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тұрақты тұруға кеткен Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Зейнетақы тағайындау үшін көрсетілген адамдардың «Байқоңыр» кешенінің аумағында жұмыс істеу кезеңіндегі жалақысы (табысы) ескеріледі.
      «Байқоңыр» кешенінің аумағында жұмыс істеу кезеңіндегі жалақы (табыс) белгіленген тәртіпте жұмыс берушілер немесе тиісті мемлекеттік (муниципалдық) органдар беретін құжаттармен расталады.
      Зейнетақы тағайындау үшін Ресей Федерациясының ұлттық валютасымен төленген жалақының (табыстың) мөлшері зейнетақы тағайындау (қайта есептеу) сәтінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми белгілеген валюта бағамының негізінде есептеледі.

4-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының заңдары бойынша бұрын тағайындалған зейнетақы Ресей Федерациясының заңдары бойынша қайта қаралады.
      Ресей Федерациясының заңдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда, тағайындалған зейнетақы Ресей Федерациясының Орталық банкі зейнетақы тағайындалған /қайта есептелген/ сәтте ресми түрде белгілеген валюта бағамын басшылыққа ала отырып Ресей рублімен төленеді. Бұл зейнетақы осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес еңбек стажы мен жалақыны ескере отырып, қайта есептелген зейнетақыдан артық болмауға тиіс.

5-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындарына Ресей Федерациясының заңдары бойынша тағайындалған (қайта есептелген) зейнетақыны, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабының екінші бөлігінде көрсетілген зейнетақыны төлеуді Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры қаржыландырады.
      Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тұрақты тұруға кеткен Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы төлемін қаржыландыру Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.21  № 820 Қаулысымен.

6-бап

     Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыру мақсатына арналған міндетті сақтандыру жарналарын төлеушілер оны Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес Ресей Федерациясының Зейнетақы қорына аударады және төлейді.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.21  № 820 Қаулысымен.

7-бап

     Ресей Федерациясының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын жинау, Байқоңыр қаласының тұрғындарына зейнетақы тағайындап, төлеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ресей Федерациясының өкілетті органдары Байқоңыр қаласы әкімшілігімен келісе отырып, тиісті органдар құрады.

8-бап

     Осы келісімнің ережелері Тараптардың келісімімен өзгертіледі.
     Енгізілетін өзгертулер Тараптар қол қойылатын және осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресімделеді.

9-бап

     осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар Тараптар арасындағы кеңесу және келіссөздер арқылы шешіледі.

10-бап

     Осы Келісімнің күші "Байқоңыр" космос айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келісімде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру туралы Шартта белгіленген "Байқоңыр" кешенін жалдау мерзімі бойына сақталады.

11-бап

     Осы Келісім бекітілуге тиіс және бекітілген грамоталарды алмасқан күннен бастап күшіне енеді. Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданылу күшін тоқтата алады. Бұл ретте Тараптардың бірі оның қолданылуын тоқтатпақ ниетте екені туралы жазбаша хабарлама жолдаған күннен бастап алты ай өткеннен кейін Келісім күшін жояды. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес ие болған зейнетақы құқығы оның қолданылуы күші тоқтатылған жағдайда күшін жоймайды.

     Алматы қаласында 1996 жылғы 27 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

     Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
         Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады