Алматы қаласында Жер сілкінісіне ден қою жөнінде халықаралық семинар (жаттығу) өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 сәуір N 467

      Төтенше жағдайларда жоспарлауды және басқаруды жетілдіру, авариялық-құтқару құралымдарының халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын пысықтау және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 1999 жылдың 17-21 мамыры кезеңінде Алматы қаласында Жер сілкінісіне ден қою жөнінде халықаралық семинар (жаттығу (бұдан әрі - Халықаралық семинар) өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар жөніндегі резервінен жер сілкінісіне ден қою жөніндегі халықаралық семинарды өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру үшін 3440,448 (үш миллион төрт жүз қырық мың төрт жүз қырық сегіз) теңгесін тікелей жаттығу өткізу үшін, ал 2059,552 (екі миллион елу тоғыз мың бес жүз елу екі) теңгесін Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттігінің балансындағы тікұшақтарға қызмет
көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланып 5500 мың (бес миллион бес жүз мың) теңге бөлінсін. <*>
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.26. N 865 қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі:
      1) Халықаралық семинарды өткізуді ұйымдастырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Халықаралық семинарға қатысушы мемлекеттерден (Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түркіменстан, Ресей Федерациясы) және байқаушы мемлекеттерден Халықаралық семинардың өткізілуіне мүдделі министрліктердің, ведомстволардың және ұйымдардың өкілдеріне, сондай-ақ мүдделі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне шақыру жіберсін;
      3) Халықаралық семинарға қатысушыларды орналастыру және тамақтандыру (Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан қабылдауды қоса есептегенде), қала ішінде жүру үшін автокөлік (оның ішінде өкілді сыныптағы автомобильдер мен ілесіп жүретін автомобильдерді) жалдау, ілеспе аударма жабдықтарын жалдау, аудармашылардың қызметіне ақы төлеу, көрсету жаттығулары үшін ЖЖМ сатып алу мәселелерін шешуді қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласының әкімі:
      1) Халықаралық семинарды өткізу үшін мәжіліс залын берсін;
      2) Алматы қаласындағы көрсету жаттығулары өткізілетін жерлерде қажетті дайындық жұмыстарын белгілесін және жүргізсін;
      3) қалалық тиісті азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің аталған іс-шараға қатысуын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      1) Халықаралық семинарға қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін;
      2) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен бірлесіп мемлекеттердің делегацияларын әуежайда қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) төтенше жағдайлар кезіндегі әскери-азаматтық өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында көрсету жаттығуларына қатысу үшін тиісті инженерлік бөлімдерді тартсын;
      2) көрсету жаттығуларын өткізу кезінде пиротехникалық құралдарды пайдалануды (жарылыстарды және өрттерді көрсету) қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі дала госпиталын құру және көрсету жаттығуларын өткізу кезінде бастапқы медициналық көмектер көрсету жөніндегі басқа да іс-шараларды жүргізу үшін Апат медицинасы орталығының қатысуын қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Халықаралық семинарға қатысушылар тұратын және болатын жерлерде қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің өтінімдері бойынша жүру бағыттары бойынша автокөліктерді алып жүруді қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Алматы қаласының әуежайына арнаулы авиарейстермен Халықаралық семинарға қатысушылармен және АҚШ пен Ресей Федерациясынан жабдықтармен келетін ұшақтарға аэронавигациялық және әуежайлық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етсін.
     10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады