Сексеуіл ормандарын сақтау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 526. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.23. N 942 қаулысымен. ~P020942

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында сексеуіл екпелеріндегі ағаш ресурстарын пайдаланудың нормалары санитарлық кесу жүргізу көлемінің шегінде белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) 1999-2000 жылдары сексеуіл екпелерінде негізгі пайдалануға кесуге тыйым салсын;
      2) сексеуіл ормандарында 1999-2000 жылдар ішінде есепті ағаш кесілімін түзету бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардағы ағаш ресурстарын пайдалану нормалары жөнінде ұсыныс енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті жергілікті тұрғындарға санитарлық кесу жүргізу есебінен сексеуілді отынға босатуды қамтамасыз етсін.
      4. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп сексеуіл ормандарын заңсыз кесуден қорғаудың іс-шараларын әзірлеп, оның орындалуын ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға

арналған республикалық бюджетті жасау кезінде орман өсіру жұмыстарын 
жүргізуге қажетті қаражат көздесін.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.           
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады