Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі Консультативтік кеңестің VI мәжілісін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 мамыр N 555

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі Консультативтік кеңестің VI мәжілісін 1999 жылғы 24-26 мамырда Астана қаласында өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Заңында "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қосымшаға сәйкес қажетті қаражат бөлсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
10 мамырдағы
N 555 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Астана қаласында
(1999 жылғы 24-26 мамыр) Консультативтік кеңестің
мәжілісін өткізу жөніндегі
Шығыс сметасы


                                                       (теңге)

  ___________________________________________________________________

|     Бап            |  Бірлігі  |  Саны  |  Ставкасы  | Барлығы    |

|____________________|___________|________|____________|____________|

|Конференц-залды     |күндер     |    1   |  114000    |  114000    |

|жалға алу           |           |        |            |            |

|____________________|___________|________|____________|____________|

|Көлік               |           |        |            |  45600     |

|шығыстары           |           |        |            |            |

|____________________|___________|________|____________|____________|

|Ресми қонақақысы    |адам       |   40   |  3420      |  136800    |

|____________________|___________|________|____________|____________|

|Таратылатын         |көшірме    |  3500  |  14,25     |  49875     |

|материалдарды       |  А4       |(100х35)|            |            |

|көшіріп көбейту     |           |        |            |            |

|____________________|___________|________|____________|____________|

|                    |           |        |            |  346275    |

|____________________|___________|________|____________|____________|




   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.       







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады