Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіптік білім комитетінің мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 мамыр N 557

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Орта және кәсіптік білім комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіптік білім комитетінің құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт

министрлігі Орта және кәсіптік білім комитетінің қарауындағы 
ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық 
сақтау министрлігі Білім комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 571  

P980571_

 
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                      Үкіметінің
                                      1999 жылғы 10 мамырдағы
                                      N 557 қаулысымен
                                            бекітілген
     
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт
       министрлігінің Орта және кәсіптік білім комитеті туралы
                          Ереже
     
                 1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Орта және кәсiптiк бiлiм комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi құзыретiнiң шегінде мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер заңдарға сәйкес оған өкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Төрағаның бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiм қабылдайды.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi,126.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгiнiң Орта және кәсiптiк бiлiм комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке өзiнiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тиым салынады.

      2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi:
      1) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
      2) азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында кепiлдiктi тегін орта бiлiм алуын қамтамасыз ету;
      3) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм саласындағы мемлекеттiк бiлiм стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      4) ұлттық және аймақтық ерекшелiктерге сәйкес оқу-тәрбие ұйымдарының әр түрлi нұсқаларын дамыту үшiн жағдай жасау;
      5) өз құзыретiнiң шегiнде бiлiмнiң тиiстi деңгейлерiндегi оқытудың сапасын және бiлiм саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      6) педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      7) мемлекеттiң кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiмi бар жұмысшылар мен мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру;
      8) кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта оқу орындарына жыл сайын қабылдауды ұйымдастыру;
      9) мектеп жасына дейiнгі, мектептен тыс тәрбие және оқыту жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм ұйымдарын педагог кадрлармен, базалық (үлгiлiк) оқу жоспарларымен, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз ету;
      10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша мақсатты бағдарламалар әзiрлеу, бiлiм саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      11) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу;
      12) заңдарда белгiленген тәртiппен орта арнаулы оқу орындарының қызметiн лицензиялау;
      13) өз құзыретiнiң шегінде Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн аттестациялау және тiркеу туралы ереженi, Білім беру жүйесiнде кадрлардың біліктiлiгiн арттыру, қайта даярлау және аттестациялау туралы ереженi әзiрлеудi ұйымдастыру және бекiту болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз құзыретінiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi, ережелердi, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта оқу орындарында оқу жылының басталуы мен аяқталуын, сондай-ақ оқушыларға арналған каникулдардың мерзiмдерiн белгiлейдi;
      3) уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жұмысшылар мен мамандарды даярлауға мемлекеттiк тапсырысты айқындауға және орналастыруға қатысады;
      4) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, еңбек рыногын зерттеуге және республика экономикасының жұмысшылар мен мамандарға сұранысын айқындауға қатысады;
      5) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру саласына шетелдiк несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      6) кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм мамандықтары бойынша бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      7) оқыту мен тәрбиелеудiң озық тәжiрибесi мен қазiргi заманғы технологиясын зерделейдi және таратады;
      8) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру жүйесiне бағытталатын бюджеттік қаражатқа сұранысты есептеу жөнiндегi жұмысқа қатысады;
      9) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру жүйесi қызметкерлерiнiң еңбек, оған ақы төлеу және әлеуметтiк қорғау жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      10) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру мемлекеттiк ұйымдарының бюджеттiк және арнайы қаражаттарды пайдалану жөнiндегi қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзедi;
      11) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие-және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру ұйымдарының оқу процестерiне ендiруге бағытталған ғылыми зерттеулердi дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      12) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм ұйымдарының қызметкерлерiне құрметтi атақтар беру, оларды республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыныстар енгiзедi және айрықша белгiлермен атап өтедi;
      13) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) басшыларын қызметке тағайындауға және босатуға келiсiм бередi;
      14) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      15) өз құзыретiнiң шегiнде мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      16) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;
      17) заңдарға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитеттiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие мен оқытуды, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм берудi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мекемелерiнiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етуге;
      2) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Комитеттiң құзыретiндегі мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
      3) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындауға және атқаратын қызметiнен босатуға;
      4) мектеп жасына дейiнгі, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру ұйымдарында бюджеттiк қаражатты пайдаланудың дұрыстығына, тиiмдiлiгiне тексеру жүргiзуге қатысуға;
      5) арнаулы орта оқу орындарының қызметiн лицензиялауға;
      6) Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға;
      7) мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс тәрбие және оқыту, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық және арнаулы орта бiлiм беру саласындағы жекелеген мiндеттердi шешу және проблемаларды зерделеу үшiн жұмыс және зерттеу топтарын құруға;
      8) Комитеттiң құзыретi шегiнде бiлiм саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
      9) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

                        3. Комитеттің мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлдермен оған билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауаптылықта болады.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
      2) бекiтiлген санның және еңбек ақы қорының шегiнде Комитеттiң

штат кестесiн, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
     3) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi 
басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
     4) Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен 
босатады;
     5) Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi және тәртiптiк жаза 
қолданады;
     6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан 
өкiлдiк етедi;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     19. Комитетте сандық құрамын Министр, ал жеке 
құрамын - Комитеттiң төрағасы айқындайтын консультативтiк-кеңесшi орган 
Алқа құрылады.
                       
              5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
     
                                Қазақстан Республикасы
                                Үкіметінің
                                1999 жылғы 10 мамырдағы
                                N 557 қаулысымен
                                      бекітілген
     
           
     
        Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім
         және спорт министрлігі Орта және кәсіптік білім
                  комитетінің құрылымы
     
     Басшылық
     Жалпы орта білім басқармасы
     Кәсіптік білім басқармасы
     Үйлестіру және бақылау бөлімі
     Мемлекеттік тапсырысты жоспарлау және статистика бөлімі
     
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Үкіметінің
                                    1999 жылғы 10 мамырдағы
                                    N 557 қаулысымен
                                          бекітілген
     
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және
       спорт министрлігі Орта және кәсіптік білім комитетінің
                   қарауындағы мекемелердің
                         Тізбесі
     
     1. К.Байсейітова атындағы республикалық музыка колледжі
     2. П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі
     3. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі
     4. Республикалық көркемсурет колледжі (Қазақ мемлекеттік 
көркемсурет академиясының жанындағы)
     5. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі
     6. О.Таңсықбаев атындағы Алматы безендіру-қолданбалы өнер колледжі
     7. Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты
     8. Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты
     9. Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты
     10. А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка 
мектеп-интернаты
     11. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық 
мектеп-интернаты
     12. О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика 
мектеп-интернаты
     13. Республикалық оқушылар сарайы
     14. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
     15. Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагог 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты
     16. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы
     17. Республикалық ақыл-ой және дене дамуы жағынан кемістігі бар 
балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу, кәсіби-еңбектік 
оңалту ғылыми-өндірістік орталығы
     18. Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік
орталығы
     19. Республикалық мемлекеттік білім стандарттары орталығы
     20. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана
     21. "Қазбілімжабдық" өндірістік коммерциялық бірлестігі 
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     22. Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық 
бірлестік(шаруашылық жүргізу құқығында)
     23. Ақмола қаржы-экономикалық колледжі
     24. Семей қаржы-экономикалық колледжі
     25. Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы 
     26. Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы 
     27. "Қазақстан мұғалiмi" газетiнің редакциясы
     28. "Учитель Казахстана" газетiнiң редакциясы
     29. "Қазақстан мектебi", "Қазақстан тарихы" журналдарының редакциясы
     30. "Бастауыш мектеп" журналының редакциясы
     31. "Отбасы және балабақша" журналының редакциясы
     32. "Қазақ тiлi мен әдебиетi" журналының редакциясы - "Ұлағат" 
қосымшасы
     33. "Русский язык и литература в казахской школе" журналының
редакциясы
     34. "Информатика, физика математика" журналының редакциясы
     ЕСКЕРТУ. Тізбе 25-34-реттік нөмірлі жолдармен толықтырылды -          
              Қазақстан Республикасы Укіметінің 1999.08.27. N 1264         
              қаулысымен.  

P991264_

  

 Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады