"Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 мамыр N 599

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы

қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды жүзеге

асыру туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                            жоба


             Қазақстан Республикасының Заңы


      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы

     қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды

           жүзеге асыру туралы шартты бекіту туралы


     1997 жылғы 8 сәуірдегі Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қылмыс жасаған

адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы шарт

бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы

     қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру және қылмыстық қудалауды

                        жүзеге асыру туралы

                              Шарт


     Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан

Республикасы мен Қырғыз Республикасы,

     халықаралық құқық принциптерiне сүйене отырып,

     мемлекеттердiң егемендiгiн және тең құқықтылығын құрметтеу негiзiнде,

     қылмыскерлiкпен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында,

     төмендегiлер туралы уағдаласты:


                              1-бап


               Ұстап беру мiндетi және қылмыстық қудалауды

                             жүзеге асыру


     Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ережелерiне сәйкес өтiнiш

бойынша ұстап беруге әкелетiн қылмыстары үшiн қылмыстық жауапкершілiкке

тарту мақсатында не үкiмдi орындау үшiн сұрау салушы мемлекет 

аумағында iздеу салынып жатқан, олардың аумағында жүрген адамдарды

бiр-бiріне ұстап беруге, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға

мiндеттеме алады.



                                2-бап



 
               Құзыреттi мекемелер және лауазымды адамдар
 
      1. Ұстап беру және қылмыстық қудалау мәселелерi жөнiндегi

 

қатынастар Уағдаласушы Тараптардың Бас прокуратуралары арқылы жүзеге

асырылады.

     2. Құзыреттi лауазымды адамдар Уағдаласушы Тараптың Бас прокуроры,

оның орынбасарлары болып табылады.


                                3-бап

                                 Тiл


     Осы Шартты орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiне

аударылған құжаттарды қоса бере отырып өзiнiң мемлекеттiк тiлiн немесе

орыс тiлiн пайдаланады.


                                4-бап

                             Ұстап беру



 
       1. Уағдаласушы Тараптар осы Шартта көзделген шарттарға сәйкес, талап бойынша олардың аумағында жүрген адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту немесе үкiмдi орындау үшiн бiр-бiрiне ұстап беруге мiндеттеме алады.
      2. Сұрау салынған және Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жазаланатын және жасалғаны үшін кемiнде бір жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi немесе одан ауыр жаза көзделетiн қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн ұстап беру жасалады.
      3. Үкiмдi орындау үшiн ұстап беру Сұрау салушы және Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жазаланатын және оны жасағаны үшiн ұстап берiлуi талап етiліп отырған адам кемiнде алты ай мерзiмге немесе одан ауыр жазаға жазаланған қылмыстар үшiн жасалады.
 
                               5-бап
                      Ұстап беруден бас тарту
 
      1. Егер:
      а) ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың азаматы болса;
      б) талап алынған сәтте сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша, талап мерзiмiнiң өтiп кетуi салдарынан не басқа заңды негiз бойынша қылмыстық қудалау қозғала алмаса немесе үкiм орындала алмаса;
      в) ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адамға қатысты сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында дәл сол қылмысы үшiн заңды күшiне енген үкiм немесе iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарылса;
      г) сұрау салушы немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың

 

заңдарына сәйкес қылмыс жеке айыптау тәртiбiнде (жәбiрленушiнiң арызы

бойынша) қудаланса;

     д) сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұстап берiлуi талап етiлген

адамға қатысты дәл сол қылмысы үшiн қылмыстық қудалауды жүзеге асырса,

ұстап беру жасалмайды.

     2. Жасалғаны үшiн ұстап беру талап етiлiп отырған қылмыс сұрау

салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалса,  ұстап беруден бас тартылуы

мүмкiн.

     3. Ұстап беруден бас тартылған жағдайда сұрау салушы  Уағдаласушы

Тарапқа бас тартудың негiздерi туралы жазбаша түрде хабарлануға тиiс.


                            6-бап

               Ұстап беруден бас тарту салдарлары


     Егер осы Шарттың 5-бабының а) тармағына сәйкес адамды ұстап

беруден бас тартылса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау

салушы Уағдаласушы Тараптың тапсырмасы негiзiнде өз заңдарына сәйкес

осы адамға қатысты қылмыстық қудалау қозғайды. Осы мақсаттарда сұрау

салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа оның

иелiгiнде бар iстердi, жадығаттарды және дәлелдердi бередi.


                             7-бап

                     Ұстап беру туралы талап


     1. Ұстап беру туралы талап жазбаша түрде берiлуге және онда мыналар

болуға тиiс:

     а) сұрау салынған және сұрау салушы мекеме атауы;


 
       б) қылмыстың iс жүзiндегi жағдайларын сипаттау және әрекеттi қылмыс деп тануда негiзге алынған сұрау салушы Уағдаласушы Тарап заңының, осы заңда көзделген жаза шарасы көрсетiлген, мәтiнi;
      в) ұстап берiлуге тиiс адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, оның азаматтығы, тұратын немесе орналасқан жерi, мүмкiндiгiнше сыртқы түрiн сипаттау және оның жеке басы туралы басқа мағлұматтар;
      г) қылмыспен келтiрiлген зиянның мөлшерiн көрсету;
      д) қылмыстық жауапкершiлiкке тарту және үкiмдi орындау мерзімiнiң өтуiне қатысты заң мәтiнi.
      2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн ұстап беру туралы талапқа осы баптың 1-тармағында аталған мәлiметтерден басқа, прокурор санкциялаған қамауға алу туралы қаулының куәландырылған көшiрмесi не соттың тиiстi ұйғарымы, сондай-ақ ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адамның азаматтығын растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс.
      3. Үкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы талапқа, осы баптың 1-тармағында аталған мәлiметтерден басқа, оның заңды күшiне енгендiгi туралы белгiсi бар үкiмнiң куәландырылған көшiрмесi және адамды соттауда негiзге алынған қылмыстық заң ережелерi қоса берiлуге тиiс. Егер сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтеген болса жаза мерзiмiнiң өтелген бөлiгi туралы анықтама қоса берiледi.
      4. Уағдаласушы Тараптар ұсынатын құжаттар елтаңбалық мөрмен

 

куәландырылуға, ал ұстап беру туралы талапқа құзыреттi адам қол қоюға тиiс.


                            8-бап

                   Қосымша мағлұматтар


     1. Егер ұстап беру туралы талапта барлық қажеттi мағлұматтар

болмаса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап қосымша мағлұматтарды 

талап ете алады, ол үшiн бiр айға дейiнгi мерзiм белгiлейдi. Бұл 

мерзiм сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша тағы бiр айға

ұзартыла алады.

     2. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап белгiленген мерзiмде

қосымша мағлұматтарды ұсынбаса, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап

қамауға алынған адамды босатуға тиiс.


                              9-бап

            Iздеу салу және ұстап беру үшiн қамауға алу


     Ұстап беру туралы талапты алған соң сұрау салушы Уағдаласушы

Тарап, ұстап беру жасала алмайтын жағдайларды қоспағанда, ұстап берiлуi

талап етiлiп отырған адамды iздеуге және қамауға алуға шаралар қабылдайды.


                              10-бап

              Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн

                        адамға iздеу салу



 
       1. Уағдаласушы Тараптар бұл адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында жүр деп болжауға негiздер болған жағдайда оны ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн тапсыру бойынша адамға iздеу салуды жүзеге асырады.
      2. Іздеу салуды жүзеге асыру туралы тапсырма осы Шарттың 7-бабының ережелерiне сәйкес құрылады және онда адамның орналасқан жерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн кез келген басқа ақпаратпен қоса iздеу салынып отырған адамды барынша толық сипаттау, бұл адамды ұстап беру туралы талаптың берiлетiндiгi көрсетiлiп, қамауға алу туралы өтiнiш болуға тиiс.
      3. Іздеу салуды жүзеге асыру туралы тапсырмаға құзыреттi органның қамауға алу туралы шешiмiнiң не заңды күшiне енген үкiмнiң куәландырылған көшiрмесi, жазаның өтелмеген бөлiгi туралы мағлұматтар, сондай-ақ фотосурет және саусақтарының бедерi (егер бұлар болса) қоса берiлуге тиiс.
      4. Iздеу салынып жатқан адамды қамауға алу туралы немесе iздеудiң өзге нәтижелерi туралы сұрау салушы Тарапқа дереу хабарланады.
 
                                11-бап
             Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға
                            алу немесе ұстау
 
      1. Ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн де қамауға алына алады. Өтiнiште қамауға алу туралы қаулыға немесе заңды күшiне енген үкiмге сiлтеме жасалуға тиiс, және онда ұстап беру туралы талаптың қосымша берiлетiндiгi туралы айтылуға тиiс. Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға алу туралы өтiнiш почта, телеграф немесе телефакс арқылы берiле алады.
      2. Егер адам басқа Уағдаласушы Тарап аумағында ұстап беруге

 

әкелетiн қылмыс жасады деп күдiктенуге заңдармен көзделген негiздер

болса, адам осы баптың 1-тармағында көзделген өтiнiшсiз де ұстала алады.

     3. Ұстап беру туралы талап алынғанға дейiн қамауға алу немесе

ұстау туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлануға тиiс.


                               12-бап

                  Қамауда ұстау мерзiмiн есептеу


     Осы Шарттың 9, 11-баптарының ережелерiне сәйкес қамауға алынған

адамды қамауда ұстау уақыты, ол ұстап берiлген жағдайда, Уағдаласушы

Тараптың заңдарында көзделген қамауда ұстаудың жалпы  мерзiмiне қосылады.


                               13-бап

               Ұсталған немесе қамауға алынған адамды босату


     1. 11-баптың 1-тармағына сәйкес қамауға алынған адам, егер ұстап

беру туралы талап қамауға алу күнiнен бастап екi ай iшiнде келмесе,

босатылуға тиiс.

     2. 11-баптың 2-тармағына сәйкес ұсталған адам, егер ұстап беру

туралы талап ол ұсталған күннен бастап 30 тәулiк iшiнде келмесе,

босатылуға

тиiс.



                                14-бап



 
                          Ұсталған адамды беру
 
      Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа берудiң орны мен уақыты туралы хабарлайды. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап берудiң қойылған күнiнен соң 15 күн iшiнде берiлуге тиiс адамды қабылдамаса, бұл адам қамаудан босатылуға тиiс.
 

                                 15-бап



 
                          Ұстап берудi кейiнге қалдыру
 
      Егер ұстап берiлуi талап етiлiп отырған адам басқа қылмысы үшiн сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында қылмыстық жауапкершiлiкке тартылса немесе айыпталса, оны ұстап беру қылмыстық қудалау тоқтатылғанға, үкiм орындалғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн кейiнге қалдырыла алады.
 

                                16-бап



 
                          Уақытша ұстап беру
 
      1. Егер осы Шарттың 15-бапта көзделген ұстап берудi кейiнге қалдыру қылмыстық қудалау мерзiмiнiң өтуiне әкелетiн болса немесе қылмысты тергеуге зиян келтiретiн болса, Ұстап берiлуi өтiнiш бойынша талап етiлiп отырған адам уақытша берiле алады.
      2. Уақытша берiлген адам жүргiзiлуi үшiн осы адам берiлген

 

қылмыстық iс бойынша әрекет жүргiзiлген соң, бiрақ адам берiлгеннен 

кейiн үш айдан кешiктiрмей, қайтарылуға тиiс.


                            17-бап

              Ұстап беру туралы талаптар коллизиясы


     Егер ұстап беру туралы талаптар бiрнеше мемлекеттен түссе, сұрау

салынған Уағдаласушы Тарап бұл талаптардың қайсысы қанағаттандырылуы

қажеттiгiн өз бетiнше шешедi.


                           18-бап

       Ұстап берiлген адамды қылмыстың қудалаудың шектерi



 
       1. Ұстап берiлген адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiсiз, ол ұстап берiлгенге дейiн жасалған, ол үшiн ол Ұсталып берiлмеген қылмыс үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартыла немесе жазалана алмайды.
      2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмісiз адам үшiншi бiр мемлекетке де берiле алмайды.
      3. Егер Ұстап берiлген адам қылмыстық iс жүргiзу аяқталғаннан кейiн бiр ай өткен соң, ал сотталған жағдайда - жаза өтелген немесе одан босатылған соң сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе немесе ол онда өз еркiмен қайта оралса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмi талап етiлмейді. Ұстап берiлген адам өзiнiң айыбысыз сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзiмге қосылмайды.
 
                            19-бап
                       Қайта ұстап беру
 
      Егер ұстап берiлген адам қылмыстық қудалаудан немесе жазаны өтеуден жалтарса, және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағына қайта оралса, онда жаңа талап бойынша ол осы Шарттың 7-бабының 2,3-тармақтарында аталған жадығаттар берiлмей ұстап берілуге тиiс.
 
                             20-бап
      Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi
               жазаны өтеп жатқан адамды уақытша беру
 
      1. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан адамнан куә немесе жәбiрленуші ретiнде жауап алу, сондай-ақ оның қатысуымен өзге тергеу әрекетiн жүргiзу қажет болған жағдайда, бұл адам, оның азаматтығына қарамастан, мүдделi Уағдаласушы Тараптың негiзделген өтiнiшi бойынша, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап Бас прокурорының шешiмi бойынша оны қамауда ұстау және белгiленген уақытта қайтару шартымен уақытша берiле алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамды уақытша беру туралы

 

өтiнiш 7-баптың ережелерiне сәйкес құрылады және сонымен қатар онда

бұл адамның сұрау салушы Уағдаласушы Тарапта болуы талап етiлетiн уақыт

көрсетiлуге тиiс.

     3. Егер:

     а) егер беруге оның келiсiмi алынбаса;

     б) сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында ол алдын-ала 

тергеуде және сот тергеуiнде болуы қажет болғанда;

     в) егер бұндай ұстап беру бұл адамды қамауда ұстаудың немесе оның

бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуiнiң белгiленген

мерзiмдерiн бұзатын болса, осы баптың 1-тармағында аталған адамды уақытша

беру жасалмайды.


                               21-бап

                     Нәтижелер туралы хабарлау



 
       Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа ұстап берiлген адамға қатысты қылмыстық қудалаудың немесе үкiмдi орындаудың нәтижелерi туралы, сондай-ақ аталған адамды үшiншi мемлекетке беру жүзеге асырылғандығы туралы уақытында хабарлайды және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша оған қылмыстық iс бойынша соңғы шешiмнiң көшiрмесi берiледi.
 

                                22-бап



 
                         Транзиттiк тасымалдау
 
      1. Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша басқа Уағдаласушы Тарапқа үшiншi мемлекет берген адамдарды өзiнiң аумағы бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi.
      2. Бұндай тасымалдауға рұқсат беру туралы өтiнiш ұстап беру туралы талап қаралатын тәртiпте қаралады.
      3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап өзi мақсатқа барынша лайық деп есептейтiн әдiспен транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi.
 
                              23-бап
            Ұстап беруге және транзиттiк тасымалдауға
                     байланысты шығындар
 
      Ұстап беруге байланысты шығындарды ол аумағында пайда болған Уағдаласушы Тарап, ал транзиттiк тасымалдауға байланысты шығындарды осындай тасымалдау туралы өтiнiшпен жүгiнген Уағдаласушы Тарап көтередi.
 
                               24-бап
             Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мiндетi
 
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың тапсыруы бойынша өзiнiң азаматтық заңдарына сәйкес, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында қылмыс жасады деп күдiктенетiн өз азаматтарына қарсы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мiндеттеме алады.
      2. Егер iс қозғалған қылмыс қылмыстан зиян шеккен адамдардың, азаматтық-құқықтық талаптарына әкеп соқса, зиянның орнын толтыру туралы олардың, өтінiшi болған жағдайда бұл талаптар аталған істе қаралады.
 
                                25-бап
              Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма
 
      1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырмада мыналар болуға тиiс:
      а) сұрау салынған және сұрау салушы мекеменiң атауы;
      б) қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырмаға байланысты қылмысты сипаттау;
      в) iстiң жасалған уақыты мен орнын мүмкiндiгiнше нақты көрсету;
      г) әрекеттi қылмыс деп тануда негiзге алынған сұрау салушы Уағдаласушы Тарап заңы ережесiнiң мәтiнi, сондай-ақ iс бойынша iс жүргiзу үшiн маңызы бар басқа заң қалыптарының мәтiндерi;
      д) күдiктi адамның фамилиясы және аты, оның азаматтығы, сондай-ақ оның жеке басы туралы басқа мағлұматтар;
      е) жәбiрленушiнiң арызы бойынша қозғалатын қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң арыздары және зиянды өтеу туралы арыздар:
      ж) қылмыспен келтiрiлген зиян мөлшерiн көрсету.
      Тапсырмаға сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың иелiгiнде бар қылмыстық қудалау жадығаттары, сондай-ақ дәлелдер қоса берiледi.
      2. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап қозғалған қылмыстық iстi жолдаған жағдайда бұл iс бойынша тергеудi сұрау салынған Уағдаласушы Тарап өз заңдарына сәйкес жалғастырады. Iсте бар әрбiр құжат сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемесiнiң елтаңбалық мөрiмен

 

куәландырылуға тиiс.

     3. Тапсырма және оған қоса берiлген құжаттар 3-баптың ережелерiне

сәйкес құрылады.

     4. Егер қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жолданған сәтте

айыпталушы сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында қамауда болса, ол

сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағына әкелiнедi.


                             26-бап

            Қылмыстық қудалаудың нәтижелерi туралы хабарлау


     Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа

соңғы шешiм туралы хабарлауға мiндеттi. Сұрау салушы Уағдаласушы

Тараптың өтiнiшi бойынша соңғы шешiмнiң көшiрмесi жолданады.


                             27-бап

                      Құпиялылықты сақтау


     Тиiстi өтiнiш болған жағдайда:


 
       а) Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұстап беру немесе қылмыстық қудалау туралы талапты, талап мазмұнын және дәлелдейтiн құжаттарды құпия сақтау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Егер талап құпиялылық бұзылмай орындала алмайтын болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап бұл жөнiнде сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап осыдан соң талапты қанағаттандыруды өтiну қажет не қажет еместiгiн анықтайды.
      б) сұрау салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұсынған дәлелдер мен ақпаратты, бұл дәлелдер мен ақпарат талапта аталған тергеу немесе сот тергеуiн жүргiзу үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, құпия сақтайды.
 
                               28-бап

 

                   Шешiм қабылдау салдарлары


     Егер 24-бапқа сәйкес Уағдаласушы Тарапқа үкiм күшiне енген соң

немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың мекемесi басқа түпкiлiктi

шешiм қабылдаған соң қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма

жiберiлсе, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi қылмыстық iс

қозғай алмайды, ал ол қозғаған iс тоқтатылуға тиiс.


                              29-бап

           Уағдаласушы екi Тараптың соттарына қарасты iстердi

                          қарау тәртiбi


     Бiр адам немесе бiр топ адам олар туралы iстер екi немесе одан

көп Уағдаласушы Тараптардың соттарына қарасты бiрнеше қылмыс жасауда

айыпталған жағдайда, оларды қарауға аумағында алдын-ала тергеу

аяқталған Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi. Бұл жағдайда iс осы

Уағдаласушы Тараптың iс жүргiзу ережелерi бойынша қаралады.


                              30-бап

                          Заттарды беру


     1. Уағдаласушы Тараптар өтiнiш бойынша бiр-бiрiне:


 
       а) осы Шартқа сәйкес ұстап беруге әкелетiн қылмыс жасалған кезде қолданылған заттарды, сондай-ақ қылмыс құралдарын; қылмыс нәтижесiнде алынған немесе оны жасағаны үшiн сыйақы ретiнде алынған заттарды, немесе қылмыскер осындай жолмен алған заттардың орнына алынған заттарды;
      б) қылмыстық iсте дәлел бола алатын заттарды: бұл заттар қылмыскердiң қайтыс болуы, қашып кетуi себебiнен немесе өзге жағдайлар бойынша оны ұстап беру жүзеге асырыла алмайтын жағдайларда да берiледi.
      2. Егер осы баптың бiрiншi тармағында аталған заттар сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық iстегi дәлелдер ретiнде қажет болса, iс бойынша iс жүргiзу аяқталғанға дейiн оларды беру кейiнге қалдырыла алады.
      3. Берiлген заттарға деген үшiншi адамдардың құқықтары күшiнде қалады. Iс бойынша iс жүргiзу аяқталған соң бұл заттар оларды берген Уағдаласушы Тарапқа ақысыз қайтарылуға тиiс.
 

                                31-бап



 
                        Басқа шарттарға қатынас
 

 

     Уағдаласушы Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық

шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен

мiндеттемелерiн осы Шарт қозғамайды.


                              32-бап

                         Мәселелердi шешу


     Осы Шартты қолдану кезiнде пайда болатын мәселелердi өзара

келiсiм бойынша Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi мекемелерi шешедi.


                              33-бап

            Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi


     Осы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар Уағдаласушы Тараптар

арасындағы өзара келiсiм бойынша енгiзiледi және әрбiр Уағдаласушы

Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес заң процедуралары орындалған соң күшiне

енедi.


                             34-бап

                      Бекiту және күшiне енгiзу


     Осы Шарт бекiтуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқан соң

30-шы күнде күшiне енедi.


                             35-бап

                       Қолданылу мерзiмi


     Осы Шарт мерзiмсiз және Уағдаласушы Тараптың кез келгенi

дипломатиялық арналар арқылы оның күшiн тоқтату туралы жазбаша хабар

жолдағаннан кейiн алты ай өткен соң өз күшiн тоқтатады.


     Алматы қаласында, 1997 жылғы 8 көкекте қазақ, қырғыз және орыс

тiлдерiнде екi данада жасалды олардың әрқайсысының күшi бiрдей.


     Осы Шарт мәтiнiн түсiндiруде қайшылықтар болған жағдайда, орыс

тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.


     Қазақстан Республикасы           Қырғыз Республикасы

           үшін                            үшін



     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Омарбекова А.










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады