Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы N 565 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 маусым N 815. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.09. N 1228 қаулысымен. ~P001228

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Орындау жазбаларының негiзiнде берешектерді өндіріп алу даусыз тәртіпте жүргізілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 565 P990565_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Орындау жазбаларының негiзiнде

берешектердi өндiрiп алу даусыз тәртiпте жүргiзiлетiн құжаттардың 
тiзбесiнде:
     мәтiнiндегi "борышкердiң ескертудi алғаны туралы қолхаты бар" 
деген сөздер алынып тасталсын;
     6-тармақта:
     үшiншi абзацтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
     7-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "Азаматтардың" деген сөз "Заңды және жеке 
тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екiншi абзацтағы "Орындау жазбасын" деген сөздiң алдынан "Жеке 
тұлғалардың байланыс қызметтерiн көрсетудi пайдаланғаны үшiн берешектерiн 
өндiрiп алуға арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Заңды тұлғалардың байланыс қызметтерiн көрсетудi пайдаланғаны 
үшін берешектерін өндіріп алуға арналған орындау жазбасын алу үшiн:
     1) телекоммуникация қызметтерін ұсынуға арналған шарт;
     2) берешекті өтегені туралы талап;
     3) төлем құжатынан не берешекті растайтын құжаттан көшірме 
ұсынылады.";
     14-тармақтың екінші абзацында:
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) төлем құжатынан не берешекті растайтын құжаттан көшірме";
     4) тармақша алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
     Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Қасымбеков Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады